Аймақтар • 29 Сәуір, 2019

«ҚазМұнайГаз» компаниялары тобының өкілдері еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін талқылады

924 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтау қаласында «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобының еңбекті және қоршаған ортаны қорғау (ЕҚОҚ) қызметтері директорларының 20-шы мерейтойлық мәжілісі өтті. Бұл жайлы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«ҚазМұнайГаз» компаниялары тобының өкілдері еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін талқылады

Шараға ҚМГ және оның еншілес ұйымдарының экологиялық нормалардың сақталуына және қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты 140-тан астам маман қатысты. Мәжіліс қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың ағымдағы жай-күйін бағалау, оларды әрі қарай жетілдіру, жалпы мәселелерді талқылау және оларды шешу үшін ұсыныстар әзірлеу мақсатында жыл сайын өткізіліп тұрады.

Қалыптасқан дәстүр бойынша кездесу қауіпсіздік минутынан басталды, оның барысында қатысушылар үшін төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқама өткізілді.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі бас директоры Ш.Ілмұханбетова күн тәртібінің басты мәселелерін айқындады. Өндірістегі еңбекті қорғау, апат мен жарақаттардың алдын алу және қоршаған ортаға компаниялар қызметінің жағымсыз әсерін азайту мәселелерінде дербес жауапкершілікті арттырудың маңыздылығы мен қажеттілігіне кезекті рет баса назар аударылды.

ҚМГ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқарушы директоры Винсент Спинелли соңғы 4 жыл ішінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау көрсеткіштері бойынша 2018 жыл ең үздік болғанын атап айтты. 2017 жылмен салыстырғанда адам өлімі болған жағдайлар саны 80%-ға азайды, жарақат алу 32%-ға төмендеді, жарақат алудың ірі (адам өмірі үшін маңызды) ірі оқиғалар саны 57%-ға, жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақат алу 47%-ға, өрт саны өткен жылмен салыстырғанда 54%-ға азайды. Жалпы ҚМГ компаниялары тобында қауіпсіз күндер саны (компанияның қызметкерлеріне, активтеріне және қоршаған ортаға зиян келтірмеген күндер) 2014 жылдағы 96-дан 2018 жылы 207-ге дейін ұлғайды.

Мәжіліс барысында 2019 жылға арналған мақсаттар да белгіленді. Еңбекті қорғау саласында жұмыс орнындағы қауіпсіздіктің алдын алу мәдениетін қалыптастыру және еңбек етудің қауіпсіз емес жағдайларын анықтау жөніндегі жұмыс жалғасын табады. Сондай-ақ қалдықтарды басқару және өртке қарсы қауіпсіздікті сақтау мәселелеріне де басымдық беріледі. Бұдан басқа осы жылы мердігерлік ұйымдарға және олардың ЕҚОҚ нормаларын сақталуына қатаң бақылау орнату жоспарланып отыр.