Спорт • 30 Сәуір, 2019

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

842 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хоккейден Нұр-Сұл­тан қа­ласында жалауы желбіреген әлем чемпионатының бі­рінші дивизионында («А» тобы) сынға түсіп жат­қан Қазақстан ұлттық құ­рамасы алғашқы кездесуін Словениямен өткізіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Бірінші кезең жерлестеріміз үшін сәтті басталды. Ойын­ның төртінші минутында сан басымдығын сәтті жүзеге асырған Никита Михайлис есеп ашып,  коман­дасын алға шығарса, араға екі минут салып Антон Некряч есеп­ті еселеді. Ал 16-минутта Михай­лис дубльдің авторы атанды – 3:0. 

Алайда екінші кезеңнің соңғы минутында словения­лық­тар қарымта екі шайба соғып үлгерді. Ойынның 38-минутында Анже Куралт алғашқы шайбаны Хенрик Карлссон қорғаған қақпаға дәл бағыттаса, араға 81 секунд салып Давид Родман есепті қысқартты – 3:2.

Үшінші кезеңде есеп өз­геріс­сіз қалды. Сөйтіп жерлестеріміз әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Андрей Скабелка баптайтын Қазақстан құрама командасы келесі кез­десуін 1 мамырда Литва құра­масымен өткізеді.


Алмас МАНАП,
«Egemen Qazaqstan»