Далада қалдық қаңғырып
Сенбі, 26 қаңтар 2013 7:09
Ұлым Ерғали кәсібін одан әрі дамыту үшін 2007 жылы «БанкЦентрКредиттің» Павлодар қаласындағы филиалынан әйелі А.Көмекованың атындағы 4 бөлмелі пәтерді кепілге қойып 4.995.000 теңге, сосын Павлодар қаласындағы менің иелігімдегі өндірістік базаны кепілге қойып 10.000.000 теңге несие алады. Бірақ жағдайға байланысты қаражат таусылып, артынша небәрі 2 ай несиенің төленбей қалғанын сылтауратып, банк Е.Төрегелдиевтен негізгі қарыздың қалдығы 14.628.454 теңге және 426.071 теңге сот шығынын өндіру үшін 2008 жылдың 27 мамыр күні Павлодар қалалық азаматтық істер жөніндегі сотқа талап арыз түсіреді.
Сенбі, 26 қаңтар 2013 7:09
Ұлым Ерғали кәсібін одан әрі дамыту үшін 2007 жылы «БанкЦентрКредиттің» Павлодар қаласындағы филиалынан әйелі А.Көмекованың атындағы 4 бөлмелі пәтерді кепілге қойып 4.995.000 теңге, сосын Павлодар қаласындағы менің иелігімдегі өндірістік базаны кепілге қойып 10.000.000 теңге несие алады. Бірақ жағдайға байланысты қаражат таусылып, артынша небәрі 2 ай несиенің төленбей қалғанын сылтауратып, банк Е.Төрегелдиевтен негізгі қарыздың қалдығы 14.628.454 теңге және 426.071 теңге сот шығынын өндіру үшін 2008 жылдың 27 мамыр күні Павлодар қалалық азаматтық істер жөніндегі сотқа талап арыз түсіреді.
Сот 2008 жылдың 4 тамыз күні банктің пайдасына жауапкерден барлығы 16.816.353 теңге өндіруге шешім шығарады да, А.Көмекованың кепілге қойылған 4 бөлмелі пәтерін 4.923.660 теңгеге, ал өндірістік базаны 20.475.207 теңгеге бағалайды.
Олар 2009 жылдың 26 тамызы мен 30 қыркүйегінде еш ескертусіз екі рет ағылшындық әдіспен 4 бөлмелі пәтер мен өндірістік базаны сатуға аукционға шығарады. Бірақ сатып алушылардың жоқтығынан мүліктер сатылмай, оған арнайы хаттама толтырылады. Содан 2009 жылдың 8 қазаны күні Павлодар облыстық сот әкімшілігінің Павлодар қалалық 1-ші аумақтық бөлімінің бастығы банкке осы мүліктерді 20 пайыздық төмендетілген бағамен өз балансына қабылдауына ұсыныс жасайды. Бірақ «БЦК» 23.02.2010 жылғы берген жазбаша жауабында бұл ұсыныстан бас тартады. Демек, заң бойынша, ағылшындық және голландық әдіспен сатылмаса және банк өз балансына алудан бас тартса, онда қарызды өзі жабу үшін мүліктер тұтқыннан шығарылмай иесіне қайтарылуы тиіс еді. Бірақ, бұл талаптар орындалмай, 2010 жылдың 14 сәуір күні 3-ші рет мүліктер голландық әдіспен сатуға аукционға қойылады. Онда А.Көмекованың меншігіндегі 4 бөлмелі пәтер бастапқы баға 4.923.000 теңге орнына 16-шы жүрісте 2.560.000 теңгеге сатылып кетеді де, өндірістік база сатып алушының жоқтығынан қалып қояды. Сөйтіп бұл өндірістік база 2 рет ағылшындық,1 рет голландық әдіспен сатылымға қойылғанмен өтпей қалды деген сөз. Енді заң бойынша, өндірістік база қарызды толығымен өтеу үшін маған қайтарылуы керек еді. Бірақ олар кепілдік құны 28.657.020 теңгеге бағаланған өндірістік базаның қолдан шығып бара жатқанын байқап, 2010 жылдың 13 сәуірі күні «БЦК» үш адресатқа – Павлодар облыстық соттар әкімшісіне Павлодар қалалық 1 аумақтық бөлімінің бастығына және «Би-Логистикс» АҚ филиалының директорына хат жолдаған болып, 2010 жылдың 14 сәуір күнгі таңғы сағат 10-ға белгіленген аукционға өндірістік базаны шығармауға өтініш білдіреді. Бұлай етуге ешбір заңды себеп-салдары көрсетілмейді және әлбетте керек етілетін ешқандай кредиттік комиссияның шешімі болмайды. Аукцион 2010 жылдың 14 сәуірінде таңғы сағат 10-ға белгіленгендіктен, заң бойынша, 13 сәуір күні қандай да бір өтініш беру тоқтатылып, қабылданбауы керек еді. Сонымен бірге, іс материалдарында банктен келген бұл хаттың Павлодар қалалық аумақтық бөлімінде аукцион өтіп кеткеннен кейін 2010 жылдың 16 сәуірі күні тіркелгені тайға таңба басқандай бадырайып тұр. Бұл қаулы тиісті адамдарға, яғни бізге хабарланбайды және мерзімді заңды уақытында қарсылық арыз жазуымызға мүмкіндік бермейді. Арада тек 17 күн өтіп кеткесін, 2010 жылғы 30 сәуірде оны қолымызға тапсырады. Басқа ешқандай қосымша құжаттар болмайды. Бұған ерекше тоқталып отырғаным, кейіннен сот процесі кезінде осы 14.04.2010 ж. жасалған негізгі хаттамаға 15.04.2010 ж. жасалған қосымша хаттама деген пайда болды. Сонымен ойда жоқта, аукционның қай күні болатыны бізге хабарланбай, 2010 жылдың 25 тамызында еш ескертусіз, менің және борышкер ұлымның қатысуынсыз өндірістік база 2-ші рет голландық әдіспен 9-шы жүрісте 11.261.358 теңгеге сатылады. Яғни, аукционның өткізілгені күмәнді болып тұр. Өйткені, хаттамада өндірістік база менің емес, ұлым Е.Төрегелдиев пен А.Көмекованың жеке меншік мүлкі деп көрсетіледі. Аукцион шынымен өткізілгенде бұл олқылықтарға жол берілмес еді. Содан сот орындаушысы банк қызметкерлерін ертіп, маған ауызша не жазбаша хабарлама жасамай, 2010 жылдың 20 қыркүйек күні базаның құлпын сындырып ашып кіреді, қоймада қалған заттарымның тағдыры әлі күнге белгісіз. Ал ұлым 7 бірдей, шиеттей бала-шағасымен пәтер жалдап, көшеде қаңғып жүр. Маған енді кім жәрдем бере алады? Құқық қорғау органдары қол ұшын соза ма? Азаматтың жағдайын емес, пайданы ғана ойлап, бір отбасын үйсіз-күйсіз қалдырған банкирлерге басу айтар кім бар?..
Тұңғышбай ТӨРЕГЕЛДИЕВ.
Павлодар.