Құлсарыны дүрліктірген қасқыр
Бейсенбі, 7 ақпан 2013 7:45
Қыстың қақаған аязында Құлсары қаласына қасқыр кіріпті. Бұл туралы ел ұйқыда жататын түнгі мезгілде емес, ертеңгілік сағат 9-дың шамасында аудандық ішкі істер бөліміне хабарланған. Қала ішінде ойқастап, жүргіншілердің зәресін алған түз тағысының ізін кесуге полиция майоры Естілеу Алмұрзин шыққан екен. Қасына бір топ азаматты ерткен. Алайда, түз тағысы қаланың 4-ші телімінде тұратын Жарас Көшбаевтың үйінің ауласына кіріп, үйшіктегі үш күшікті тамағынан өткізіп жіберіпті. Және бір күшікті қан-жоса етіп талаған.

Абырой болғанда, қала тұрғындарына азу тісін батыра қоймапты.
Дәл осы аулада полиция инспекторы Е.Алмұрзин Құлсары тұрғындарын әбігерге салған қасқырды қарумен өлтірді. Аудандық ветеринария қызметінің өкілдері қасқырдың өлігін өртеп, миын облыстық ветеринарлық зертханаға сараптама жасау үшін жіберді.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
Атырау облысы.