Хоккей • 02 Мамыр, 2019

​Бүгін хоккейден Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен кездеседі

885 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында шайбалы хоккейден бірінші дивизионның А тобындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін Қазақстан құрамасы үшін маңызды ойын болмақ деп хабарлайды Olympic.kz.

​Бүгін хоккейден Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореямен кездеседі

Осы турнир аясында Қазақстан, Беларусь және Оңтүстік Корея құрамалары екі ойында жеңіске жетіп, алты ұпаймен турнирлік кесте алда келе жатыр. Өзгерістер бүгін болуы мүмкін. Төртінші ойын күнінің орталық матчында мұз айдын иелері Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі. Осы ойында жеңіске жеткен команда келер жылы ТОП-дивизионда өнер көрсетуге бір табан жақындай түседі. Беларусь құрамасы осы турнирде екі рет жеңілген Словения командасымен ойнайды. 

12:30 - Литва - Венгрия

16:00 - Беларусь -Словения

19:30- Оңтүстік Корея - Қазақстан

Кездесулер тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан көрсетіледі. 

Кешкі ойынға жанкүйерлер үшін «Барыс Аренаға» дейін арнайы автобустар ұйымдастырылған.