Айта кетейік, Ж.Досмұxамедұлы көшесі, 4 мекен-жайы бойынша орналасқан жатақханада өрт шыққан болатын.
ТЖ департаментінің мәліметі бойынша, жалын 5 қабатты жатақхананың 2-ші қабатындағы 18 шаршы метр бөлмені шарпыған. Өртке қарсы қызмет бригадасы сағат 10:39-да шақырту орнына жетті.
Өрт 11:15-те ауыздықталды. Сондай-ақ, тілсіз жаудан 26 адам зардап шегіп, оның 14-і бала екені белгілі болды (барлығы газдан уланып, ауруханаға жатқызылды). Сонымен қатар, ауруханаға улану белгілері бар 12 ересек адам жеткізілді. Олардың төртеуі медициналық көмектен бас тартты.
«Зардап шеккендердің диагнозы – газдан улану. Қазір олардың жағдайы орташа деп бағалануда», деп мәлімдеді әкімдікте.
Төтенше жағдай орнына қала әкімі Бақыт Сұлтанов келіп, жатақхананың тұрғындарымен кездесті. Тиісті органдарға зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіп, төтенше жағдайды тергеу жөнінде комиссия құруға тапсырма берді.
Өртті сөндіруге 14 жедел медициналық көмек бригадасы, ТЖД екі бригадасы жұмылдырылды.