Үкімет • 02 Мамыр, 2019

Асқар Мамин елордалық медициналық қызметтердің сапасын тексерді

882 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған, Нұр-Сұлтан қаласындағы №10 қалалық емхана мысалында медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жөніндегі жұмыстың барысын тексерді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Асқар Мамин елордалық медициналық қызметтердің сапасын тексерді

Үкімет басшысы үлкендер, балалар және оңалту бөлімін, амбулаторлық хирургия, қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту орталықтарын тексерді, онда пилоттық режимде денсаулық сақтау саласындағы соңғы цифрлық шешімдер енгізілген. Бұл пациенттердің ағымын реттеу және шұғыл медициналық көмекті бірінші кезекте көрсету, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің кіріктірілген ақпараттық жүйесі, қағазсыз медициналық құжаттар, оның ішінде электронды денсаулық паспорттары бойынша Triage-жүйесі. Тұрғындармен кері байланыс орнату үшін дәрігерлердің жұмыс сапасын бағалайтын мобильді қосымша іске қосылған. Емхананың бас дәрігері Г. Алпысбекова айтқандай, цифрландыруды енгізу нәтижесінде кезекке тұру 60%-ға азайды.

Емхананы көріп біткен соң Премьер-Министр А. Маминге алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар желісін құру жобасы таныстырылды. Жалпы, шеткері аймақтардағы тұрғындар үшін медициналық көмектің жылдам қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында биыл Нұр-Сұлтан қаласында 11 қосымша медициналық ұйым ашу көзделген.

Өз кезегінде, Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын іске асыру аясында биылғы 1 маусымнан бастап учаскелік дәрігерлердің жалақысы 224 мың теңгеге дейін, орташа медициналық персоналдың жалақысы 163 мың теңгеге дейін ұлғаятынын жеткізді.