Аймақтар • 02 Мамыр, 2019

Озат студенттер ірі компанияда іс-тәжірибеден өтеді

909 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«КазТрансОйл» АҚ ынтымақтастық «Жастар жылы» аясында бірнеше қазақстандық оқу орнының озат студенттері үшін жаңалық ұсынды. Компания биыл жастардың өндірістік іс-тәжірибеден өтуіне мүмкіндік бермек.

Озат студенттер ірі компанияда іс-тәжірибеден өтеді

Теория мен тәжірибиені ұштастыра білім алудың артықшылығына басымдық берілетін іс-тәжрибе барысында студенттерге өндірістік орынға дейін тасымалдау, азық-түлікпен бірге арнайы киімдер, сондай-ақ 80-120 мың теңге көлемінде шәкіртақы беріледі. Компания биыл Маңғыстау өңірінен 60 студентті іс-тәжірибеге тартуға ниетті.

Компания басшылығымен келісім-шартқа отырған оқу орнының бірі - Yessenov University. Ақтаудағы іргелі оқу орны  Инжиниринг факультеті техникалық мамандықтары үшін «КазТрансОйл» АҚ арасында білімді және әлеуметтік аз қамтылған отбасылары студенттерін қолдау мақсатында келісім шарт жасалды. «КазТрансОйл» АҚ басшылары студенттермен кездесіп, оларға болашақ маман ретінде үміттерін және қолдауларын ұсынды.

Келісім шарт бойынша студенттер ақысы төленетін жазғы өндірістік тәжірибеден өтеді, теориялық білімдерін шыңдап, болашақта бітірушілік жұмыстарына бағыт алады. Сонымен қатар, бұл жас мамандардың жұмыспен қамтылу мүмкіншілігін де арттырады.