05 Сәуір, 2013

Бура «қамауға алынды»

323 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бура «қамауға алынды»

Жұма, 5 сәуір 2013 2:11

Ақтау қаласының іргесіндегі Өмірзақ ауылында жантүршігерлік оқиға орын алды. Мұнда бір отбасы азын-аулақ малының қамын күйттеп, қыстай жем-шөбін толассыз тасымалдап, көктемге аман-сау іліндірген болатын. Тек аузынан ақ көбігі бұр­қырап, жарап тұрған бура ғана әлі қолға қарап, қорада тұрған. Бураның адамға шабатыны да бар. Бұрын осы үйдің екі баласына тосын мінез көрсеткенмен, жамандық ойламаған үй иелері отбасы мүшелерін «абай болыңдар, маңына көп жақындай бермеңдер» деп сақтандырған.

Қаладан ас-суын алып оралған 75 жастағы әже әлгі бураны азық­тандырмақ болып қораға кіре­ді. Әже бота кезінен балаша баптап, сылап-сипап өсірген малынан жа­ман­дық күтпеді ме, кім білген, ал үй-ішіндегілер күнделікті шаруа болғандықтан, жете мән бере қой­майды. Біраздан соң қорада ес-түссіз, қимылсыз қан-қан боп сұлап жатқан әжені көршілері байқап, дереу «жедел жәрдем» шақырады. Дәрігерлердің айтуынша, бураның таптауынан бас сүйегі мыжғыланып, қатты жарақат алған әже әлдеқашан о дүниелік болып кеткен.
Бура қазір өзге малдардан оқ­шауланып, бөлек қораға қамалды. Ал әженің денесі кеше жер қойнына тапсырылды. Бураға қандай «жаза» қолданары белгісіз.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.