Аймақтар • 03 Мамыр, 2019

Батыс әскери қызметшілері арасында «Былғары доп» турнирі өтті

1491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отан қорғаушылар күнінің қарсанында Атырау, Ақтау және Ақтөбе гарнизондары әскери қызметшілерінің 14 жасқа дейінгі балалары арасында мини-футбол турнирі өтті.

Батыс әскери қызметшілері арасында «Былғары доп» турнирі өтті

Атырау қаласында өткен турнирде  «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 41433, 25744, 41321 және 30238 әскери бөлімдерінен 4 команда қатысты. Команда құрамы 7 ойыншыдан құралды, олардың 4 алаң ойыншылары, 1 қақпашы және 2 қосалқы ойыншы.

Турнирге ұдайы түрде спортпен айналысып жүрген әскери қызметшілердің 14 жасқа толмаған балалары қатысты. Оның нәтижесінде бірінші орынды ақтөбелік 30238 әскери бөлімі, екінші орынды ақтаулық 25744 әскери бөлімі, ал үшінші орынды Атыраудағы 41433 әскери бөлімінің командалары иеленді. Турнирдің үздік шабуылшысы болып 16 гол соққан Нәтжан Даулет атанды.

-Әскери қызметшілердің балалары арасындағы футбол турнирі оларды салауатты өмір салтын ұстануға, дене тәрбиесі мен спортты дәріптеу мақсатында өткізілді.  Биыл жарыс алғаш рет ұйымдастырылды, енді жыл сайын өткізілетін болады, дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен капитан Рустем Игисинов.

Жеңімпаз команда ауыспалы кубокпен марапатталса, жүлдегерлер медаль, грамота және футбол доптарымен марапатталды.