Саясат • 04 Мамыр, 2019

Бейбіт Атамқұлов Баронесса Эмма Николсонмен кездесті

1033 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрлігінде Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Бейбіт Атамқұлов Ұлыбритания Премьер-Министрінің Қазақстан бойынша Сауда уәкілі Баронесса Эмма Николсонмен кездесті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бейбіт Атамқұлов Баронесса Эмма Николсонмен кездесті

Пікір алмасу барысында тараптар шетелдік инвесторлардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Екінші қазақстан-британ инвестициялық форумын өткізу бойынша дайындық мәселелерін талқылады. Бұл іс-шара ағымдағы жылдың қазан айында Лондонда жоспарланған.

Сыртқы істер министрлігінде өткен кездесудің тағы бір тақырыбы қазіргі уақытта Қытайда белсенді алға дамып отырған «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында Қазақстан мен Ұлыбританияның өзара тиімді ынтымақтастығын дамыту болды. Мұндай өзара іс-қимыл барлық тараптар үшін жаңа нарықтарға шығуға, капитал мен инновациялық технологияларды тарту бойынша қосымша мүмкіндіктер ашады. Британдық тарап Ляньюньган теңіз портының, Қорғастағы «құрғақ» порттың жұмысы және Қазақстан мен Қытай арасындағы бірлескен өнеркәсіптік жобалары туралы хабардар етілді.

Сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау, сандық технологиялар, ауыл шаруашылығы, логистика және көлік транзиті сияқты екіжақты қарым-қатынастардың перспективалы бағыттары британдық делегациясының үлкен қызығушылығын тудырды.

Жалпы, кездесу қорытындысы бойынша тараптар талқыланған мәселелердің кең ауқымды кешені бойынша өзара түсіністікке қол жеткізіп, екіжақты қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға деген нық ұмтылысын растады.

Ұлыбритания Қазақстанның ірі инвесторларының бестігіне кіруде. 2005-2018 жылдар аралығында Ұлыбританиядан жалпы тікелей инвестициялар көлемі 13,3 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстанда британдық қатысуымен 860-тан астам заңды тұлға, филиал мен өкілдіктер тіркелген, олардың ішінде 500-ден астамы белсенді қызмет атқаруда.

Баронесса Э. Николсонның Қазақстанға сапары 28 сәуірден бастап өтуде. Оның шеңберінде британдық саясаткер Атыраудағы мұнай-газ форумына қатысып, Премьер-Министр Асқар Мамин, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, «Самұрық-Қазына» «ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен, сондай-ақ қазақстан-британ іскерлік топтар өкілдерімен кездесулер өткізді.