Қоғам • 05 Мамыр, 2019

Мәжіліс депутаттары Алматыда көпбалалы аналар қоғамдық ұйымдарының жетекшілерін қабылдады

869 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева және Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрағасы Гүлнар Иксанова «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалында көп балалы аналар қоғамдық ұйымдарының көшбасшыларын қабылдады.

Мәжіліс депутаттары Алматыда көпбалалы аналар қоғамдық ұйымдарының жетекшілерін қабылдады

Мәжіліс вице-спикері өз сөзінде Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларының, әсіресе партияның жаңа жобасы - «Бақытты отбасы» ұлттық жобасының аясында табысы төмен көпбалалы отбасыларына нақты қолдау көрсетілетінін ерекше атап өтті. Сонымен бірге маңызды әлеуметтік бастамаларының барлығы заң тұрғысынан реттелетінін жеткізді.

15 мыңға жуық көпбалалы отбасы, оның үштен бір бөлігі, яғни 5 мыңың тұрмысы төмен отбасы құрайтын Алматыда «Бір терезе қағидаты» бойынша жұмыс істейтін республикадағы алғашқы Орталық нысаны ашылған. Мұнда көмекке мұқтаж әйелдерге тиісті жәрдем көрсетіледі. Сондай-ақ орталықта жеке балалар бөлмелері бар және бұл орталық бірқатар көпбалалы аналарды жұмыспен қамтыған. Мұнда күніне 50-60 адам жәрдем сұрап келеді. Екі айдың ішінде мұнда 1086 көпбалалы отбасына көмек көрсетілді.

Әңгіме барысында Алмалы, Түрксіб, Медеу аудандық көпбалалы аналар ұйымдарының өкілдері Тұңғыш Президент – Елбасына жасалып жатқан қамқорлық үшін ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ кездесу барысында депутаттарға өз ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді.

Өз кезегінде Гүлмира Исимбаева халықтың, оның ішінде көпбалалы аналардың мәселесін шешу барысында кері байланысты іске қосу арқылы «Nur Otan» партиясы әрқашан қолдау көрсететінін және айтылған ұсыныстардың депутаттар тарапынан ескерілетінін айтты.