Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларының жүзеге асырылу барысы, оның ішінде, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларды қолдау, осы бағытта қабылданған заңнамалық құжаттармен қатар, жалпы заң шығарушылық жұмыстарды сайлаушыларға түсіндіру мақсатында аймақтарға шыққан Мәжіліс депутаттары қоғамдық қабылдау өткізуде, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Алматы қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияда Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары, Nur Otan партиясы фракциясының жетекшісі Гүлмира Исимбаева мен Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнәр Ихсанованың қатысуымен Nur Otan партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасының – «Әрбір адам үшін қолжетімді болашақ білімі» атты екінші мақсатының жүзеге асырылуы бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.
Г.Исимбаеваның айтуынша, партия бағдарламасының аталған мақсаты әрбір адам үшін қолжетімді, болашақ білімді ұйымдастыруды – қазақстандықтардың инновациялық жаңа буынын дайындауды, білім саласына ең озық мамандарды тарту, білім жүйесін дамытуды көздейді.
Бүгінде Nur Otan партиясы еліміздегі әрбір мектепте IT-сыныптар ашуға, шәкірттерді компьютерлік бағдарламалар жасауға ынталандыруға, олардың бойындағы таланты мен интеллектуалдық қасиеттерін ашуға білім мекемелері арқылы барлық мүмкіндіктерді жасап отыр.
Дөңгелек үстел барысында алматылық ұстаздар өздерін толғандырып жүрген жаңа оқу бағдарламасындағы толықтыратын олқы тұстары туралы, үштілділікті енгізу, мектеп оқушыларының интеллектуалды ой-өрісін өсіруге қажетті методикалық-әдістемелік оқу құралдарының сапасын жақсарту және басқа да білімге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.
Мәжіліс депутаттары, Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының мүшелері Ирина Унжакова, Евгений Козлов, Василий Олейник Нұр-Сұлтан қаласының № 64 «Асыл-бөбек» арнайы балабақшасына барды.
Депутаттар балабақша ұжымы мен тәрбиеленушілердің ата-аналарымен кездесті.
№64 балабақшаға тірек-қимыл аппараты бұзылған, мектеп жасына дейінгі балалар барады. Мұнда осындай мектеп жасына дейінгі балаларға кешенді медициналық-педагогикалық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіледі. Мамандар ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың әлеуметтік бейімделуіне және білім беру интеграциясына жауап береді.
Халық қалаулылары барлық оқу және сауықтыру кабинеттерін қарап, күндізгі мектептің әдіснамасы және күн тәртібімен танысты.
Кездесуде депутаттар мақсатты әлеуметтік көмектің тағайындалуы, мүгедек бала тәрбиелеп отырғандардың жәрдемақысын көтеру, тұрғын үй алу, көп балалы аналарға жасалатын көмек мәселелері бойынша сұрақтарға жауап берді.
Олар бірінші кезекте Елбасының әлеуметтік бастамаларының жүзеге асырылу барысы, оның ішінде, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларды қолдау шараларына ерекше көңіл бөлінетіндігін атады.
– Бұл нысан қала үшін ғана емес, ел үшін де өте маңызды. Өйткені көпір екі мегаполисті – Шымкент пен Ташкентті байланыстырып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге жағдай жасайды. Сондықтан барлық мәселелер тез арада шешіліп, нысан өз уақытында пайдалануға беріледі деген сенімдеміз, – деді Дархан Мыңбай.
Сондай-ақ осы күні парламентшілер «Сәуле» ықшам ауданындағы №76 мектеп ұжымымен кездесті. Халық қалаулылары мектеп жанынан салынып жатқан қосымша 300 орындық оқу ғимараты, спорт залы, шеберхана және асхана құрылысымен танысты.
Сарайшық ауылында депутаттар «АтырауАгроөнімдері» шаруашылық қожалығының ұжымымен кездесті. Әңгіме барысында шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды.
Депутаттар сайлаушыларға Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік бастамалары орындалу барысымен таныстырып, оның ішінде аз қамтылған және көп балалы отбасыларға қолдау көрсету туралы айтып берді.
Сондай-ақ Мәжіліс депутаттары Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті.
Әңгіме барысында студенттер мен мұғалімдерге қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Бұл ретте бүгінгі күні қоғамда талқыланып жатқан «Мұғалімдер мәртебесі туралы» заң жобасы да назардан тыс қалмады.
12 жастағы қызды тонаған ұры ұсталды
Қазақстан • Бүгін, 14:42
АӘК алатын тұрғындарға газ бағасы төмен болады
Үкімет • Бүгін, 14:35
Нұр-Сұлтанда мыңдаған үй газға қосылады
Елорда • Бүгін, 14:25
Студенттердің шәкіртақысы 20 пайызға артады
Білім • Бүгін, 14:12
Биыл 93 елді мекен газбен қамтылады
Қазақстан • Бүгін, 14:01
Ақтөбеде оқушы қызды қаңғыбас иттер талап тастады
Оқиға • Бүгін, 13:44
Елден заңсыз ақша шығаруға бақылау күшейген
Қоғам • Бүгін, 13:36
Елімізде 18 мың адам мүгедектікті үйінен шықпай рәсімдеді
Қоғам • Бүгін, 13:25
Ішкі нарықта газ тұтыну көлемі 35 пайызға артқан
Үкімет • Бүгін, 13:18
Түркістан облысында екі бала шұңқыр суына батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:13
Теннисші Алан Құрманғалиев алдына жан салмады
Спорт • Бүгін, 13:02
Президент жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:55
Еліміздегі алғашқы АЭС Балқаш маңына салынуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:50
Биыл 170 мыңнан астам түлек үшін соңғы қоңырау соғылады
Білім • Бүгін, 12:40
Егістік суының 40 пайызы далаға кетіп жатыр – Әлихан Смайылов
Үкімет • Бүгін, 12:31
Аймақтар • Бүгін, 12:23
Соңғы қоңырауда ұстаздарға гүл сыйлауға бола ма?
Білім • Бүгін, 12:16
Елордада Сирия жөніндегі кезекті келіссөз өтеді
Елорда • Бүгін, 12:07
Германия маймылшешек ауруына байланысты карантин жариялайды
Әлем • Бүгін, 11:57
Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы ақтөбелік тұрғындармен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 11:44
Кувейтте құмды дауылға байланысты әуе рейстері тоқтатылды
Әлем • Бүгін, 11:39
Елордада 11 автобус бағытын уақытша өзгертті
Елорда • Бүгін, 11:29
Қызылорда облысында күріш алқабы қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 11:17
«Достық» каналы арқылы 330 млн текше метр су алынады
Қазақстан • Бүгін, 11:08
Шардара су қоймасына келетін су көлемі ұлғайды
Қазақстан • Бүгін, 10:59
Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адам 7 жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:50
Елімізде тағы 4 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:41
Білім • Бүгін, 10:30
Спорт • Бүгін, 10:29
Спорт • Бүгін, 10:27
Медициналық пойыздар жолға шықты
Медицина • Бүгін, 10:17
ҰБТ-ның алғашқы аптасында 21 түлектің нәтижесі жойылды
Ғылым • Бүгін, 09:38
Қазақстан елшісі француз ғалымын марапаттады
Әлем • Бүгін, 09:15
Спорт • Бүгін, 08:59
Аймақтар • Бүгін, 08:58
«Шіркін, Зидан қазақ болғанда ғой!»
Спорт • Бүгін, 08:57
Хоккей • Бүгін, 08:55
«Жасыл» өсім орнықты дамуға жетелейді
Экология • Бүгін, 08:52
Жарқын бейнесі жадымыздан өшпейді
Қазақстан • Бүгін, 08:50
Адалдық пен шындықты шырақ етті
Қазақстан • Бүгін, 08:48
Ұқсас жаңалықтар