Жаға ұстатар қылмыстар
Бейсенбі, 23 мамыр 2013 2:40
Меркі ауданындағы шағын ғана шаруасы бар бір кәсіпкердің үйіне қандықол қарақшылар түн ішінде баса-көктеп кіріп, үй иесінің әйелі мен келінін балталап өлтіріп, ал отағасы мен баласын ауыр жарақаттап, 3 миллионға жуық теңгесін үптеп кеткені туралы хабарды естігенде жағамызды бір ұстағанбыз.

Жақында Шу ауданында тағы бір сұмдық оқиға болды. Елу жастан енді асқан әке өз ұлының қолынан көз жұмды. Оқиға былай болыпты. 27 жастағы жігітсымақ әкесінің «жұмыс істемейсің», «араққа құмарсың» деген сөзіне бола ағашпен ұрып өлтірген. Сосын өліп жатқан әкесіне қарамастан, арақ іздеп кеткен.
Жә, Жамбылдағы қылмысты қылмыс делік, ал салақтықтың салдарынан дүниемен қоштасқандарға не деуге болады? Бұған кім кінәлі? Мұны дәл басып айту қиын. Бірақ қаза тапқан адам газ құбырын тартушылар қазып кеткен терең орға түскен. Сол кезде ордың шетіндегі үйінді топырақ құлап, оны тірідей көміп қалған. Оны құтқармақ болған ағайындары да ажал құшты. Сөйтіп, төрт азамат оқиға болған жерде көз жұмды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің айтуынша, марқұмдардың мүрдесі арнайы техниканың көмегімен қазылып алынған.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.