Аусыл апаты
Бейсенбі, 23 мамыр 2013 2:44
Үржар ауданының Ақшоқы ауылдық округіне қарасты Ақшоқы ауылындағы 47 үйдің 199 ірі қара малының аса қауіпті аусыл ауруына шалдыққаны жайлы суыт хабарды аудандық ветеринарлық инспекцияның бастығы растаған болатын. Үстіміздегі жылдың 9 – 15 мамыры аралығында ірі қара малдың ауруға шалдыққаны жайлы хабарды тексеру нәтижесі бойынша оны астаналық мамандар да растады.

Ал кешегі жедел алынған мәлімет бұл аурудың өңірге кең тарау қаупі бар екенін көрсетті. Бұл сөзімізге 680 мүйізді ірі қара малдың жойылғаны дәлел болып отыр. Аусылдың алдын алу мақсатында күні кешеге дейін 3453 ірі қара мал, 4962 ұсақ малға егу жұмыстары жүргізіліп үлгерілген.
Оңдасын ЕЛУБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы,
Үржар ауданы.