Руханият • 06 Мамыр, 2019

Елордада музей мамандары бас қосты

879 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында «Музей, музеология және мәдени мұра» та­қырыбында ха­лы­қа­ра­лық ғылыми кон­фе­рен­ция өтті. Кон­фе­ренцияны Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы мен елордалық Тари­хи-мәдени мұра ескерт­кіштері мен нысан­да­рының сақталуын қамта­ма­сыз ету дирекциясы ұйым­дастырды.

Елордада музей мамандары бас қосты

Алқалы жиында отандық архео­лог ғалымдар, Азия елде­рі­нің музеология комитетінің және Тынық мұхиты айма­ғы­ның, Ресей ғылым академия­сы Сібір бөлімі Тарих инсти­ту­тының, Әзербайжан Ұлт­тық тарих музейінің, Тай­бэй қаласының әлемдік дін­дер музейінің (Тайвань), Мюн­хен қаласының Ха­лық­ара­лық философия мекте­бі­нің (Германия), Ал­тай мем­­лекеттік педагогика уни­вер­си­тетінің тарихи-мә­дени мұра және туризм ка­фед­расының және Орталық Азияның мә­де­ни мекемелер желісінің өкіл­де­рі бас қосты.

Мәдени жәдігерлерді сақ­тай­­тын қазыналық қор ре­тін­де қалыптасқан музей орта­лық­­­тары әдістемелік қызметі же­­­­тілген функционалдық инс­­ти­туттар деңгейіне дейін кө­те­­­рілді. Мемлекеттік тари­хи-мәдени «Бозоқ» музей-қоры­ғы­ның ғылыми хатшысы, та­рих ғылымдарының канди­да­ты Зубайда Сұрағанова музей ісінің қоғам дамуымен тығыз байланысты сала екенін айта­ды. Ғалымның пікірінше, мұн­дай кең ауқымды конферен­циялар жинақталған тәжірибе мен музей ісінің мәселелерін тарқатуда терең байланыс орнатады.

– Шын мәнісінде, музей ісі баяу жүретін ғылым, білім беру ісінің өте маңызды саласы. Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақа­ла­сындағы міндеттер негі­­зінде еліміздегі музей ісі даму­дың жаңа белесінен кө­рін­уі тиіс. Жер көлемі бойын­ша әлемде тоғызыншы орынға ие мемлекетімізде музей-қорықтар, ашық аспан астын­­да­ғы музей орындары өте аз. Ше­телдік мәдени орындармен са­лыстырар болсақ, біздегі му­зей қызметі саласында шеші­мін табуы тиіс көптеген кем­шін тұстарын байқаймыз, – дейді Зубайда Сұрағанова.

Сондай-ақ ол ұлттық мә­де­ни әлеуетті үдету көптеген елдер үшін, соның ішінде Қазақстан үшін де түйінді басым­дықтардың бірі екенін алға тартты. Бұл ретте музей ісі және тарихи-мәдени мұ­ра­ны қорғау секторындағы негізгі мәселенің бірі білікті мамандардың жетіспеушілігі екенін айтты.

– Ендігі бір мәселе – музей саласы мамандарының жетіс­пеушілігі. Қазақстанда музей ісі мамандарын тек әл-Фа­ра­би атындағы Қазақ ұлттық университетінде дайындайды. Мәдениет саласындағы менеджмент бағдарламаларының модельдері, табысты халық­ара­лық тәжірибелер керек-ақ. Ал бүгінгі алғаш рет ұйым­дас­ты­рылып отырған «Музей, музеология және мәдени мұра» тақырыбындағы халықаралық ғылыми конференциясының бе­рер мүмкіндіктері көп. Бұл – Қазақстанды әлемдік мә­де­ни кеңістікке интеграциялау және тиімді халықаралық ын­ты­мақтастықты жолға қою мүм­кін­діктерінің бірі, – дейді ол.

Екі күндік симпозиум ая­сын­да ғалымдар мәдени мұ­ра нысандарын пайдалану және оны кеңінен танымал ету мәселелерін талқылады. Музей ісіне байланысты жи­­нақ­­талған тәжірибе мен са­ла­­­лық мәселелерді ортаға сал­­­­ған ғалымдар белгілі бір заң­дылықтар аясында қара­ла­­тын теориялық негіз­де­рі­не, музейдің серіктестік жобалары саналатын аймақтың табиғи және тарихи өзектілігін қолдану барысына тоқталды.

Соңғы жылдары Орталық Азия елдерінің тәуелсіз мә­де­ниет секторында жаңа тә­уел­сіз арт-кеңістіктер, фес­ти­валь­дар, көрмелер мен тұжы­рымдық дүкендер сияқ­ты жеке бастамалардың өркен­деуі байқалады. Әйтсе де мә­де­ниет сала­сындағы бас­қа­ру мен қаржы­ландыру жүйе­сіндегі жетіспеушілік ТМД елдерінің көбіне тән ортақ мәселе екендігі туралы ғалым­дар пікірі мәдени салаға әлі де терең талдау жасалу керектігін айғақтайды.

Алмакан НАЙЗАБЕКОВА, 

Г.Айтиев атындағы Қыр­ғыз ұлт­тық бейнелеу өнері му­зейінің бейнелеу өне­рін ғылыми танымал ету бөлі­мі­нің басшысы, Орта­лық Азия мәдениет және өнер са­ласы (ЦАСКИ) музейінің меңгерушісі:

– Г.Айтиев атындағы Қырғыз ұлттық бейнелеу өнері музе­йі – елдегі басты мәдени орындардың бірі. Өнерсүйер қауымға жете танысуға мүм­кін­дік беретін бейнелеу өнері және мүсіндеме бойынша онлайн галерея құру жұмыстары қолға алынды. Әйткенмен мемлекеттік қаржыландыру жос­парының тиімсіз екені бел­гілі. Сондықтан музейлер көптеген мәселелерді шешуде түрлі жобалар арқылы, халықаралық ұйымдардың кө­ме­гіне жүгінуге тура келе­ді. Ал мәдени cектор мен креативті индустрия күшейіп келе жат­қан­дықтан, музей саласын жан-жақты дамыту арқылы халықаралық қаты­нас­тарды ны­ғайтудың негізі ретінде пайдаланудың әлеуеті зор.

Ольга ТРУЕВЦЕВА, 

Алтай мемлекеттік педа­го­­­ги­­­калық уни­верситетінің про­­фессоры, Тарихи-мә­де­ни мұ­ра және туризм кафед­ра­­сының мең­герушісі, Азия және Тынық мұхиты бо­йын­ша музей коми­те­ті төраға­сы­ның орынбасары:

– Бразилия, Аргентина, Жапония, Тунис дейсіз бе, әлем­нің көптеген елдерінде музей жұмыстарын ұйым­дас­тыру бойынша іс-шара­лар­ды өткізіп келеміз. Қазақ­стан­ға екінші рет сапарлап келіп отырмын. Салалық бағыттарды жүйеге түсіретін мұндай халықаралық ықпал­дас­қан жұмыстар өзара ғылы­ми ізденістерге әкеледі. Егер таныс болсаңыз, Алтай өңі­рін­де күміс, алтын балқыту зауыттары болған, өкінішке қарай, бүгінде бұл орындарды қайта қалпына келтіру мүмкін емес, тек қолда барын сақтауға мәжбүрміз. Сібірдің өлкетану музейінде аталған бағытта бір­неше бастамалар қолға алынды. Атап айтқанда, деректер базасын сақтау бо­йынша жойылып бара жатқан мәдени мұралардың «Қызыл кітабын» дайындау бастамасын көтердік. Қайта жасақтау мүмкін емес нысандарды қоса отырып, ғылыми мақалалар, сызбалар, құжаттар, бақылау жұмыстарын бір жүйеге түсірдік. «Қызыл кітап» негі­зін­де жинақталған мә­лімет­терді пайдалану баршаға оңтайлы.