24 Мамыр, 2013

Атқарылмаған жұмысқа ақша төлеген

350 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Атқарылмаған жұмысқа ақша төлеген

Жұма, 24 мамыр 2013 1:23

Қостанай коммуналдық кәсіпорны басшысына қылмыстық айып тағылды

Қостанай облыстық прокуратурасында баспасөз мәслихаты өткізіліп, онда қалалық тұрғын үй-коммуналдық кәсіпорнының бұрынғы бастығы Александр Маклюкке қатысты істің тергелу барысы хабардар етілді.

Баспасөз мәслихаты барысында комму­налдық мекеменің бұрынғы басты­ғына қатысты қозғалған 4 қылмыстық істің бір өндіріске жинақталғаны айтылды.

«Қылмыстық іс қозғауда Маклюктің 2009 жылдың 10 қарашасында «Қостанай Су» МКК сүзгілер блогы тұндырмасының бірінші кезектегі су тазартқыш құрылысына күрделі жөндеу жүргізу» нысанының жоба-сметалық құжаттамасын жасау турасында «Вист» ЖШС-мен келісім жасасуы негіз болды. Келісімшартқа сәйкес, жұмысқа ақы төлеу тапсыру-қабылдау актісінен, орындалған жұмыс пен оған мемлекеттік сараптама оң баға бергеннен кейін жүргізілуі тиіс еді. Осымен бірге, «Вист» ЖШС жұмыс жобасын 2010 жылғы сәуірде дайын етті. Ал «Қостанай мемлекеттік сараптама» мекемесі қорытындыны 2010 жылғы 22 маусымда беріп, жобаны мемлекеттік нормативке сай келмейді деп шешті. Сараптама жаңа жоба жасауды ұсынды. Соған қарамастан, тұрғын үй-коммуналдық кәсіпорнының бұрынғы бастығы «Вист» ЖШС-на 11 050 000 теңге ақшаны аударып жіберген», – деді облыстық прокуратураның бөлім бастығы Еркін Тәйкешов.

Бұл фактіге байланысты қылмыстық іс аталған мәселе экономикалық сотта қа­ралғаннан кейін қозғалған. Ал Алек­сандр Маклюк қала әкімдігіндегі басқа жұ­мысқа ауыстырылған кезде, тұрғын үй-коммуналдық бөлімі төленіп кеткен ақшаны қайтарып алдыру жөнінде талап-арыз берген. Процес­ке қатысып отырған прокурор істің орындалуы мен ақша төлеу мерзімдерінің сәйкес келмейтініне көңіл бөліп, мәселе көтерген. Александр Маклюкке қатысты қылмыстық істің екінші эпизоды оның Қостанай қаласы әкімдігі құрылыс бөлімінің бастығы болған кезіндегі жұмыстарына қатысты. 2012 жылы ол «TAUPROJEKT» ЖШС-на атқармаған жұмыстары үшін жалған акт толтырып, кәсіпорынға 2 126 500 теңге ақша төлеген.

Құрыш НҰРЫМБЕТ.