25 Мамыр, 2013

Оқиға

208 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оқиға

Сенбі, 25 мамыр 2013 2:40

Екі кило сынап төгілді

Өскемен қаласында мұның алдында да тұрғын үйдің ауласына аса қауіпті сынаптың төгілгені жөнін­­­­де суыт хабар тараған. Ен­ді араға бір ай салып Өс­ке­­мен­дегі Киров көше­­­­­сінде қоқыс жәшігі­­­нің жанында екі килоға жуық сы­нап­тың төгілгені расталды.

 

Сенбі, 25 мамыр 2013 2:40

Екі кило сынап төгілді

Өскемен қаласында мұның алдында да тұрғын үйдің ауласына аса қауіпті сынаптың төгілгені жөнін­­­­де суыт хабар тараған. Ен­ді араға бір ай салып Өс­ке­­мен­дегі Киров көше­­­­­сінде қоқыс жәшігі­­­нің жанында екі килоға жуық сы­нап­тың төгілгені расталды.

Құтқарушы мамандар суыт хабарды ести салысымен жан­ұшырып жетіп, сұйық затты дереу жинап алды және полиция қызметкерлеріне тапсырды. Ал сынап төгілген жерді перманганат калиймен залалсыздандырды. Нәтижесінде адамдар қауіпті улы заттан аман қалды.

Оңдасын Елубай,

«Егемен Қазақстан».

Өскемен.

_________________

8-ші қабаттан құлап, аман қалды

Көрер жарықтары, келер келе­­шектері бар екен. Аста­на қа­ласында, Есілдің сол жаға­­ла­уында бой көте­ріп жатқан  «Хилтон» атты элита­лы мейманхананы салысып жүрген үш жігіт сегізінші қабаттан жерге құлап түсіп, әупіріммен аман қалды.

Осылай ғажайыптың ғала­матымен жандарын кеуделерінде сақтап қалған үш жігіт те сол бойда әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқыс оқиға бейсенбі күні орын алған. Осы күні күндіз жігіттер аталмыш қонақүйдің қасбетінде жұмыс жасап жатқан. «Үйдің 8-ші қабаты тұсында «Базис фасад» ЖШС-ында еңбек ететін 1994 жылы туған екі жігіт және 1993 жылы туған бір жігіт тұрған көтергіш құрылғы кенет жерге қарай құлап түскен», – делінген хабарламада.

Қалай дегенде де, жас жұмысшы жігіттерді бір құдіретті күш сақтап қалды.

Сәкен МАЙЛЫБАЙ.