Тойып секірген тоғышарлар
Бейсенбі, 30 мамыр 2013 2:27
Мұны басқаша атау мүмкін де емес. Дана Абайдың: «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын», дегеніндей, тойынғанына мәз тоғышарлар қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманның тынышын алып тұр.
Айтайық дегеніміз, Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылында жастардың жаппай төбелесі орын алып, 6 адам түрлі жарақат алды. Төбелес кезінде мылтық та «іске» қосылған.
Бейсенбі, 30 мамыр 2013 2:27
Мұны басқаша атау мүмкін де емес. Дана Абайдың: «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын», дегеніндей, тойынғанына мәз тоғышарлар қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманның тынышын алып тұр.
Айтайық дегеніміз, Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылында жастардың жаппай төбелесі орын алып, 6 адам түрлі жарақат алды. Төбелес кезінде мылтық та «іске» қосылған. Полицейлердің сөзіне қарағанда, әзірге жарақаттанған екі адамнан жауап алыныпты. Олар түнде ауыл орталығындағы стадионның қасынан автокөліктерімен өтіп бара жатып, бір топ адамды көреді. Машиналарынан түсіп, мәселенің мәнісін білмек болған кезде қарсы беттегі ескі диірмен жақтан тағы бір топ шыға келіп, стадион жақтағы шоғырға тас лақтырып, мылтықтан оқ ата бастаған. Міне, сол сойқанның салдарынан жарақат алған «әуесқойлар» жақын жердегі аудандық ауруханадан бір-ақ шығыпты.
Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, орын алған оқиға бойынша ҚР ҚК 257-бабының 3-тармағы бойынша (мылтық, газ тапаншасы, пышақ, кастет және басқа да суық қару қолдану арқылы бұзақылық жасау) қылмыстық іс қозғалып, қазір күдіктілерді анықтау, қамаққа алу және тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы,
Жамбыл ауданы,
Аса ауылы.