Қару қалай берілген?
Бейсенбі, 30 мамыр 2013 2:29
Оңтүстікте мынандай бір әзіл сөз бар. «Шымкентте заңды бұзуға болмайды, тек айналып өтуге болады». Сол заңды айналып өтудің «озық үлгісін» соңғы жылдары полиция көрсетіп жүрген сияқты. Соның бірі ретінде полицияның Оңтүстік Қазақстан облысында жүйке аурулары диспансерінде тіркеуде тұратын 19 адамға қару алып жүруге рұқсат беріп жібергенін айтуға болады.

Осы жағдай туралы құқық қорғау және қылмыспен күрес, заңдылықпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің жиналысында еліміздің Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев айтты. «Бұл деген полицияның өз қызметіне салғырт қарауы емес пе? Бұған қалай жол берілген? Неге бақылау жоқ?» деді Бас Прокурор. Әйтеуір ҚР ІІМ әкімшіліктік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепех аталмыш мәселе жөнінде қызметтік тексеру жүргізілгенін, осы факт бойынша кінәлі қызметкерлер жазаға тартылып, жұмыстарынан босатылғанын айтып құтылды.
Мейлі, кінәлілер жазаланды. Бірақ, жүйке аурулары диспансерінде тіркеуде тұрған адамдарға рұқсат қағаз жайдан-жай берілген жоқ қой. Ол тірліктің астарында көз қысты, бармақ бастының жатқаны анық. Сондықтан жазықтылар қызметінен кетті деген сөз енді мұндай оқиға қайталанбайды деген сөз емес. Бас прокурор айтқандай бұл салаға қатаң бақылау керек.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.