Экологиялық бақылау жақсармақ
Сенбі, 1 маусым 2013 2:03
Қарашығанақта 2006 жылдан бері экологиялық байқау өткізілмеген, дейді үкіметтік емес ұйымның өкілі Арман Бектенов.
Бұған не деуге болады? Шетелдік жер қойнауын пайдаланушылар не істегісі келсе, соны істесін дегендей алаңсыз, бейғам отыра бергенімізге жол болсын. Рас мемлекеттік табиғат қорғау ұйымдары арқылы жүргізілген экологиялық тексерулер бар. Оның кейбір қорытындылары және жер қойнауын пайдаланушылардың табиғат пен қоршаған ортаға тигізген зиянының мөлшері баспасөз беттерінде жарияланып та жүр. Алайда осыған тоқмейілсіп отыра беруге болмайтыны аян.

Бұған балама ретінде үкіметтік емес ұйымдар экологиялық тұрғыдан қауіп төндіретін нысандарға тиісті сараптамалар мен талдаулар жасауды қолға алып жатса, бұған тек қол соғуымыз керек шығар. Өткен сәуір айында әділет органдарында тіркелген үкіметтік емес ұйымның атауы «Таза бұлақ» деп аталады. Оның құрылтайшыларының бірі Арман Бектенов мәлімдегендей, жаңа құрылымның басты мақсаты – экологиялық ауқымдағы қоғам мүддесін қорғау. Кен орындарында жүргізілетін тәуелсіз сараптама біраз былықтар мен заңсыздықтардың бетін ашып беретініне күмән келтіруге болмайды. Айталық, қадамын жаңа бастаған «Таза бұлақ» алғашқы экологиялық сараптауларын Қарашығанақ кенішін игеріп жатқан КПО бв шетелдік компаниясынан бастауға ниет қойып отыр.
Осы ақпараттың қосымша тақырыбында айтылғандай, 2006 жылдан бері аталған кеніште экологиялық тексерулер мен сараптамалар өткізілмеген. Соның салдарынан бүгінде онда қандай экологиялық жағдай қалыптасып отырғаны барша қазақстандықтарға белгісіз. Оның осындай құпия экологиялық иірімдерін ашуда жаңадан құрылған үкіметтік емес ұйым өз байламдары мен қорытындыларын айтады деп сенеміз.
Бұдан кейінгі кезекте олар өз тексерулерін өзге кен орындарында және шекаралас облыстар аумақтарында жалғастырмақ.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».