«Қазіргі кезде ҚР-ның Қарулы Күштері қатарында қызмет ету – әрбір қазақстандықтың құрметті міндетіне айналды. Ақтөбеліктер бүгінгі күні Отанымыздың қорғаныс қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілікті қорғауға лайықты үлесін қосуда. Қарулы Күштердің қатарына жыл сайын 2 мыңнан астам ақтөбелік шақырылып, ерлік пен батырлық мектебінде шыңдалуда. «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын»- деген Тұңғыш Президент сөзінің мағынасы өте тереңде жатыр. Әлемнің әр түкпірінде түрлі құбылыстар мен өзара алауыздық орын алып жатқан уақытта еліміздің қорғаныс қабілеті мен әскери доктринасын күшейту өте маңызды. Ұлттық салт-дәстүріміз бен заманауи үрдістерді үйлесімді сабақтастырып, ұландарымызды патриоттық рухта, адал, қайсар мінезді сарбаз етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз.Қадірлі ардагерлер, офицерлер мен жауынгерлер, жерлестер, сіздерді елдік пен ерліктің тірегі болып табылатын Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын», деді Оңдасын Сейілұлы.
Сонымен қатар, аймақ басшысы әскери салада қызмет атқарып жүрген 10 азаматты алғыс хатпен марапаттап, 5 азаматқа пәтер кілтін тапсырды.
Мерекелік жиын өңірдің өнерпаздары ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты.