Қазақстанның ең әйгілі кәсіпқой боксшысы, бірқатар белді нұсқалар бойынша орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин барлық атағынан айырылғаннан кейін өзінің жеке бапкері Абель Санчеспен қоштасқаны белгілі. Көп кешікпей жерлесіміз алдағы уақытта Джонатон Бэнкстің қол астында жаттығатыны жайында жалпақ жұртқа жария етті. Ал біз GGG-нің таңдауы түскен сол маман жайында не білеміз?

2004 жылдың 30 шілдесінде Бэнкс кәсіпқойлар арасында бақ сынауға бел буды. Алғашқы төрт жыл аралығында 20 рет шаршы алаңға шығып, барлығында жеңіске жетті. Өз бәсекелерінің денін ол Америкада өткізсе, үш мәрте Германияға сапар шекті. 2008 жылдың 12 шілдесінде төрешілердің шешімі бойынша италиялық Винченцо Росситоны ұтып, ІВО нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтың алтын белбеуін иеленді. 2009 жылдың 27 ақпанында Польшаның беткеұстары Томаш Адамекке есе жіберіп, чемпиондық атағынан айырылды.
Жалпы, Джонатон Бэнкс кәсіпқой рингте барлығы 33 кездесу өткізіп, 29 рет жеңіске жетті. 19 қарсыласын нокаутқа жіберді. Үш бәсекеде ұтылып, тағы бір айқаста тең есеп тіркелді. Жоғарыда есімі аталған Томаш Адамектен бөлек, Бэнкс аса ауыр салмақта айқасқан АҚШ-тың қос мықтысы – Сет Митчелл мен Антонио Тарверден ғана жеңілді. Әр жылдары ол Элизео Кастильо, Зак Пейдж, Имаму Мэйфилд, Пол Батлин, Трэвис Уокер, Джейсон Гаверн, Сауль Монтана сынды танымал боксшылардан басым түсті.
Ресми түрде Бэнкс 2014 жылдың аяғында былғары қолғабын шегеге ілгенімен, оған дейін де ол жаттықтырушылық қызметпен айналысқан еді. Атағы аңызға айналған Эмануэль Стюардтың жанында жүріп көп нәрсе үйренді. Ал айтулы бапкердің Хулио Сезар Чавес, Кермит Синтрон, Майкл Мурер, Томас Хирн, Мигель Котто, Чед Доусон, Оскар де ла Хоя, Эвандер Холлифилд, Леннокс Льюис, Владимир Кличко, Джеремен Тейлор, Джеймс Тони, Юриоркис Гамбао, Адонис Стивенсон сынды жұлдыздар бастаған барлығы 41 әлем чемпионын тәрбиелегенін айтсақ та жеткілікті.
Джонатон Бэнкстің өзі болса, біраз уақыт Украинаның даңқты боксшысы Владимир Кличко мен Ямайканың жұлдызы Диллиан Уайтты баптады. Қазіргі кезде ол әйелдер арасындағы әлемнің абсолютті чемпионы, Норвегияның туы астында өнер көрсетіп жүрген Колумбияның тумасы Сесилия Брекхусты жаттықтыруда.
– Әуесқой бокста жүрген кезінде-ақ Головкин қатты ұнайтын. Мен оның фанаты болдым. Афины Олимпиадасындағы жекпе-жектерін көргенде, оның нағыз дарын иесі екеніне анық көз жеткіздім. Ал таяуда осы мәселеге байланысты маған қоңырау шалынғанда, еш ойланбастан GGG-мен жұмыс істеуге өз келісімімді бердім. Қазір біздің мақсатымыз біреу ғана – әлемдік тәждерді Геннадийге қайтару. Өйткені ол сол чемпиондық атақтардың барлығын да иеленуге лайық. GGG мен «Канелоның» Ти-Мобайл Аренадағы жекпе-жектерін көргенде, ерекше әсерде болдым. Сексенінші жылдары төрткүл дүние жанкүйерлерін тамсандырған Шугар Рэй Леонард пен Томас Хирннің айқастары бірден ойға оралды. Дәл сондай динамика, дәл сондай шапшаңдық, дәл сондай «жан алысып, жан беріскен» бәсеке. Енді алдағы уақытта Головкиннің қарсыластарының барлығын оңдырмай сабап, чемпиондық тұғырға қайта қонған сәтін тағатсыздана күтеміз, – деп Джонатон ақтарыла сөйледі.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин 2018 жылдың 15 қыркүйегінде мексикалық Сауль Альварестен ұпай санымен ұтылып, чемпиондық атақтарынан айырылған еді. Содан кейін ол ұзақ уақыт шаршы алаңға шыққан жоқ. Міне, енді отандасымыз араға тоғыз ай салып, рингке қайта оралғалы жатыр. Атап айтсақ, 8 маусымда Нью-Йорктегі әйгілі «Madison Square Garden» аренасында GGG әлі ешкімнен жеңілмеген канадалық Стив Роллспен айқасады.
10 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:46
«Восточный» көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 10:37
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде бір саты төмендеді
Спорт • Бүгін, 10:25
Қытай мен Өзбекстанға рейстер саны артты
Қазақстан • Бүгін, 10:17
Қазақстандықтардың орташа жалақысы 312 мың теңгеден асты
Қаржы • Бүгін, 10:07
Қазақстан мен Түрікменстан арасында көпір бой түзеді
Әлем • Бүгін, 10:00
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:55
Алматы облысында әскери қызметкер қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 09:42
Шөптегі хоккей: Қазақстан құрамасы Сингапур спортшыларын ұтты
Спорт • Бүгін, 09:37
Қашағанда мұнай қайта өндіріле бастады
Аймақтар • Бүгін, 09:25
Бүгін – Абай Құнанбайұлының туған күні
Абай • Бүгін, 09:18
Елімізде 2389 адам індеттен жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Тағы 1650 қазақстандық індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Үздіктер қатарынан шығып қалды
Спорт • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:40
Торонтода табысқа жете ала ма?
Теннис • Бүгін, 08:39
Халықаралық олимпиада жүлдегері
Білім • Бүгін, 08:37
«EcoQolday» қатысушыларына төлем жүргізіп жатыр
Қоғам • Бүгін, 08:35
13 қызметті автоматтандыру жоспарланған
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Теннис • Бүгін, 08:32
85 миллион теңгеден астам берешегін қайтарған
Қоғам • Бүгін, 08:30
Қазақстан • Бүгін, 08:27
Колумбия үлкен өзгеріс қарсаңында тұр
Әлем • Бүгін, 08:25
Ақсақалдар кеңесі Бішкекте бас қосты
Саясат • Бүгін, 08:23
Абай күні кең көлемде атап өтілуде
Абай • Бүгін, 08:20
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Ұқсас жаңалықтар