Саясат • 10 Мамыр, 2019

Қазақстанның Елшісі Норвегия Короліне сенім грамоталарын тапсырды

1117 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ослодағы Король сарайында Қазақстан Елшісі Еркін Ахинжановтың Норвегияның Харальд V Короліне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның Елшісі Норвегия Короліне сенім грамоталарын тапсырды

Рәсімнен  кейін болған аудиенция барысында Король 2001 жылғы сәуір айында орын алған Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Норвегияға жасаған ресми сапарын жылы сөзбен есіне алды. Монарх, ортақ тарихты зерттеудің және спортты дамытудың маңыздылығын атап өтіп,  Қазақстан мен Норвегия арасындағы жан-жақты байланыстарды нығайту қажеттілігіне ерекше көңіл аударды.

Король норвегиялық конькишілер Алматыдағы  биік таулы «Медеу» мұз айдынында әлем рекордтарына ие болғандығын Норвегияда ұмытылмағанын растады. Ол Елшіліктің норвегиялықтарды Қазақстан елімен, табиғатымен, мәдениетімен, экономикалық пен инвестиция әлеуетімен жаңадан таныстыру мақсатын құптады.

Харальд V Қазақстандағы саяси өзгерістер мен 9 маусымға белгіленген президенттік сайлау жайындағы ақпаратты қызығушылықпен қабыл алды. Е.Ахинжанов қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында сайлаудың адал, ашық және әділ өткізілуіне кепілдік бергенін атап өтті.

«Норвегия Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқы таныған мемлекеттердің бірі болғанын еліміз ұмытпаған. Ширек ғасыр бойы Сіздің еліңізқазақстандық реформалардың көбіне, Ұлттық қорды құруды қоса алғанда,  үлгі болды. Бүгінгі күнде біз тұрақты экономика мен қоғамға ие жаппай әл-ауқатты мемлекетті құру саласындағы аса озық даму модельдерді   қолдануға ынталанудамыз. Біз қызығатынымыз: жаңғырмалы энергия, ақылды қалалар, аквамәдени және басқа да озық салалар» - деп айтты Елші. Сондай-ақ, Е.Ахинжанов Қазақстанның Шығыс Қытайдан Солтүстік Еуропаға конейнерлерді бүгінде екі аптаның ішінде жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа Жібек жолын құру шаралары туралы айтып берді.

Елшінің пікірінше, Қазақстан мен Норвегияны үйлесімді, қауіпсіз әрі берекелі әлемді құруға бағытталған ортақ ынталар бірлестіреді. Ол ядролық сынақтардан аса қиянат көрген әлемдегі елдердің бірі Қазақстан екенін еске салды. Қайғылы тәжірибеге және халықтың азабына негіздене отырып, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұра етіп алған барлық ядролық әлеуетін бөлшектеу туралы тарихи шешім қабылдады. Е.Ахинжанов 29 тамызда Семей қаласының өңірінде тұңғыш ядролық жарылыс оқиғасына 70 жыл толатындығын мәлімдеді.

Корольдің аудиенциясын кейін үкіметтік қабылдау үйінде сенім грамоталарын тапсыру рәсіміне орай салтанатты фуршет өтті.