Аймақтар • 10 Мамыр, 2019

Петропавлда 1500 орынды екі мектеп пайдалануға беріледі

1058 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде облыс орталығында 40-қа жуық мектеп болса, оның үшеуінде оқушылар үш ауысыммен оқуға мәжбүр.

Петропавлда 1500 орынды екі мектеп пайдалануға беріледі

Білім департаментінің басшысы Гүлмира Кәрімованың айтуына қарағанда  бірер жылдың ішінде түйткілді мәселені түпкілікті шешу көзделген. Атап айтқанда, 1500 балаға арналған екі қазақ білім ордасы биылғы  жаңа оқу жылына дейін тапсырылмақ. 900 орынды мектеп «Жасөркен», 600 орынды мектеп «Береке» ықшам ауданында  бой көтереді.  

«Соңғы 12 жыл ішінде өңірде бірде-бір  мектеп салынбаған. Тағы бір білім  үйін салуға жер бөлініп, құжаттары әзірленуде»,  дейді Гүлмира Райынбекқызы.

Жалпы облыста 5 мектепте сабақ  үш ауысымға көшірілген. Тайынша және Бескөл елді мекендерінде де білім ордасына деген сұраныс бар. Биыл 3 мыңнан астам түлек мектеп бітірсе, 9 мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттайды.  Мамандардың айтуынша, соңғы 2-3 жылда облыста 1-сыныпқа баратын балалардың саны үш есе артқан.