Қазақстан • 11 Мамыр, 2019

Роман Скляр Екібастұздағы жұмысы тоқтап тұрған «Қазақстан вагон құрастыру компаниясы» ЖШС-на барды

988 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірге арнаған жұмыс сапары барысында Индустрия және инновациялық даму министрі Роман Скляр алдымен «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС Бозшакөл тау-кен байыту кешеніне келді.

Роман Скляр Екібастұздағы жұмысы тоқтап  тұрған «Қазақстан вагон құрастыру компаниясы» ЖШС-на барды

Жоба мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Кәсіпорынның қуаттылығы–жылына катод түріндегі мыстың 100 мың тоннасы мен 120 мың унция алтын өндіреді.

Сонымен бірге, Роман Скляр «Богатырь Көмір» ЖШС жұмысымен танысты.

 Кәсіпорынның «Богатырь» және «Северный» кеніштері елімізде өндірілетін көмірдің 44 пайыз үлесін алады. Компания өткен жылы 45 миллион тонна көмір өндірген. Кәсіпорында  6,5 мыңнан астам адам еңбек етуде. 

Ал, теміржол кластері жергілікті өндірушілердің құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілуде. Қаладағы «Проммашкомплект» ЖШС 2006 жылдан бері  теміржол доңғалақтары, жөндеу жиынтықтарын жасауда.

 Кәсіпорын жасайтын теміржол доңғалақтары ішкі нарықпен қатар, сыртқы нарыққа  да тиімді.

Министрдің айтуынша, Біртұтас экономикалық кеңістік аясында Ресейліктермен бірге келісімдер бар.  

Келесі мәселе- жүк вагондарын шығаратын «Қазақстан вагон құрастыру компаниясы» ЖШС қазір тоқтап тұр.

-Өйткені, Ресейден қажетті құрал-жабдықтар жеткізілмеген. Сондықтан,компания менеджментік жұмысы  жөнінде сұрақтар бар. Бірінші кезекте, кәсіпорынға вагон жасаудыжолға қойып, тұрақты өндірістік жұмысқа  көшу керек, -деді Роман Скляр.

Жалпы, 2010 жылы жұмысын бастаған   бұл кәсіпорын бір  тоқтап, бір  жүреді.

Кәсіпорын жылына 2000 жартылай вагон және 500 жабық вагон немесе К500 платформа шығара алады деп жоспарланып еді.


Павлодар облысы

Суретті түсірген: Валерий Бугаев