Аймақтар • 13 Мамыр, 2019

Жұмыспен қамту жәрмеңкесі өтті

1333 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінде ел жастарын жұмыспен қамту күн тәртібіндегі маңызды мәселе. Биыл бұл істі мүмкіндігінше жолға қоюға үлкен күш жұмсалуға тиіс екенін Елбасы Жастар жылының ресми ашылуында баса айтты. Осы орайда Алматыдағы «Арбат» алаңында бос орындар жәрмеңкесі өтіп, 5 мыңнан астам жұмыссыз жас қатысты. Оның жартысына жуығы еңбек пен оқуды қатар ұштастырсақ деген ниеттегі жоғарғы курс студенттері.

Жұмыспен қамту  жәрмеңкесі өтті

Ресми мәлімет бойынша, елі­­міз­дегі ең алып мегаполисте  жұ­мыссыз жас­­­тар­дың саны 16 мыңнан асып жығылады. Бұл шара жас­­­­­­тарға білім беру ошақ­та­­рын­да қай сала мамандарына сұ­раныс көп немесе тапшы еке­нін және еңбек өтілінсіз де жұ­мысқа орналасуға болатынын анық­тауға сеп­тесті.  Жоғары оқу орындарының түлектері мен жұ­мыссыз жастарға ар­­нал­ған бос орындар жәрмеңкесін Ал­маты қаласы «Атамекен» ұлт­­тық­­ кәсіпкерлер палатасына қа­расты «Jas Qadam» қоғамдық қоры ұйым­дастырып отыр. Жәрмеңкеге биыл 300-ден ас­там жұмыс беруші ком­­па­ния қа­­тысты. Олардың сапында «Magnum Cash Carry» сауда желісі, CRATA халықаралық заң фирмасы, DHL, HCK, Creetgo IT-компаниясы тәрізді көптеген іргелі ұжымдар бар. Шара аясында 200-ге тарта бітіруші тү­лек аталған компанияларда тағы­лымдамадан өтуге мүмкіндік ал­­ды. Оған қоса жастардың бизнес­ке деген ын­тасын арттыруға ба­ғытталған семинар сабақтар өткізіліп, кәсіпкерлікті дамы­ту, тұрғын үй мәселелерін ше­шу, психологиялық және заңгер­лік көмек көрсету шаралары ұйым­дастырылды.

«Тұңғыш Президентіміз Нұрсұл­тан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жария­лап, өскелең ұрпақты жан-жақты қолдауға бағытталған іс-шаралар тіз­бегін саралап берді. Осы мақ­сатта жастарға арналған түр­лі жобалар легі іске асуда. Кә­сіп­орындар үшін – бұл еңбекке қа­білетті халықтың ең үздік өкілдері арасынан болашағы бар мамандарды таңдап алу­дың бірегей мүмкіндігі. Студент­тер үшін өзін әлеуетті жұмыс бе­ру­ші­лер­ге ұсынудың оңтайлы жолы. Біз­дің миссиямыз – Қазақ­стандағы жұмыссыздық деңгейін төмендету», дейді «SelfMade» жобасының үйлеc­тірушісі Айгүл Нисупова.

Бос жұмыс орындар жәр­мең­кесін өткізу жас мамандарға ғана емес, жұмыс берушілер үшін де маңызды. «Жастар өздерін қы­зықтыратын бос орындар ту­ралы мәлімет алса, біз үшін тү­лек­­­­тердің іскерлік қасиетін ба­ғалауға мүмкіндік туады» дейді жұмыс беруші ұйымдардың өкіл­дері.

 

АЛМАТЫ