Аймақтар • 13 Мамыр, 2019

Ақсу металлургтері ағаш отырғызуға отбасыларымен келген

949 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауытында «Жасыл белдеу» қорын жаңарту мақсатында табиғатты қорғау бағдарламасы жүргізілуде.

Ақсу металлургтері ағаш отырғызуға отбасыларымен келген

Еуразиялық Топтың «Ағаш отырғыз» корпоративтік жобасы тек кәсіпорын аумағымен ғана шектеліп қалмай, қалалық саябақтарда да жалғасуда. 

Кәсіпорын директоры Сергей Прокопьевтің айтуынша, отбасылармен келген металлургтер қалалық саябақта 100 ағаш отырғызған. 

Зауыт үшін қоршаған ортаны қорғаудағы әлеуметтік жауапкершілік мәселесі басымдыққа ие. Зауыт жыл сайын тұрақты түрде ағаш отырғызу арқылы «Жасыл экономиканы» дамытуға үлес қосуда. 

Соңғы жылдары металлургтер қала ішінде 500-ден астам қайың еккен. 

Сондай-ақ, әлеуметтік нысандарды, кәсіпорынның айналасындағы санитарлық-қорғау аймағын көгалдандыруда. 

Ал саябақта өткен ағаш отырғызу шарасына дәстүрге сай металлургтер отбасыларымен бірге келеді. 

Жалпы, Ақсу еліміздегі моноқалалардың бірі. Қаланы көгалдандыруға жасыл оазиске айналдыруда тұрғындар да белсенді. 

Бұған ферроқорытпа зауытының «Кешенді экологиялық бағдарламасы» бұл ықыласты табысты жүзеге асыруды қолдауда.

Металлургтер ағаштарды отырғызып қана қоймай, алдағы уақытта оларды күтіп-баптайтын болады.