Президент • 13 Мамыр, 2019

Елбасы Қайрат Келімбетовті қабылдады

1011 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады.

Елбасы Қайрат Келімбетовті қабылдады

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа «Астана» халықаралық қаржы орталығының қазіргі қызметі және алдағы жоспары туралы мәлімделді.  

Елбасы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

– «Астана» халықаралық қаржы орталығы – ең ауқымды әрі маңызды жобалардың бірі. Оған зор үміт артып отырмыз. Бұл құрылым Қазақстанның ғана емес, бүкіл өңірдің қаржы орталығына айналады. «Астана» халықаралық қаржы орталығы әлемнің басқа қаржы орталықтары сияқты дамитын болады. Осы бастаманың табысты болғанын қалаймын, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.