Спорт • 15 Мамыр, 2019

Қарағандылық сақшылар самбо жарысында көзге түсті

916 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында самбо күресінен өткен республикалық ашық турнирде Қарағанды облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Қарағандылық сақшылар самбо жарысында көзге түсті

Атап айтқанда, жауынгерлік самбо додасында арнайы жасақтың инспекторлары  Тайбек Омаров (62 кг) пен Құдайберген Төлеубаев (100 кг) өз салмақ дәрежелері бойынша чемпион атанды. Ал Бұқар жырау ауданының Ғ.Мұстафин атындағы кенттегі полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі Шыңғыс Ізмұханов 90 кило салмақта күміс жүлдені місе тұтты. 

Самбо күресінен өткен сында арнайы жасақтың инспекторы Санат Амантаев 100 кило салмақ дәрежесінде топ жарса, взвод командирі Нұржан Халилин (100 кг) мен инспектор Айдын Дартаев (90 кг) өз салмақтары бойынша қола жүлдені қанағат етті.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше