- Биылғы байқаудың басты ерекшелігі олимпиадаға 18 бен 35 жас аралығындағы жас мамандар қатысады. «Жастар жылы» аясында аталмыш байқаудың қаражаты 1,7 миллион теңгеден 10 миллион теңгеге ұлғайтылып, халықаралық деңгейде өтуде. Қазақстан бойынша тұңғыш рет Қызылорда қаласында өткізгелі отырған бұл байқауға еліміздің барлық облыстары мен көршілес Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінен математиктер қатысып жатыр,- деді А. Жұмаділдаев.
Қазылар алқасы құрамында физика-математика ғылымдарының докторы Жук Владимир Васильевич және физика-математика ғылымдарының кандидаты, жетекші тәлімгер Исмаилов Шухрат Норалиевич бар. Сайыстың шарты бойынша қатысушылар 7 есеп шығаруы керек. Қазылар алқасының шешімі бойынша 5 жеңімпаз таңдалып, ең үздік жас математикке 1 миллион көлемінде сыйлық беріледі.