Сайлау • 15 Мамыр, 2019

Қызылорда облысында қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды

973 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қызылорда облысындағы штабында қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды.

Қызылорда облысында қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды

Кандидаттың кабылдау бөлмесінің ашылуына облыстық штаб басшысы, Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова бастаған бір топ қоғам қайраткерлері мен партия ардегерлері,кандидаттың сенімді өкілдері, жергілікті тұрғындар қатысты.

Алғашқы сөзді Қазақстан Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық қабылдау бөлмесіне жетекшілік етуші, партия ардегері Мақсұт Баеекеев алып, кандидаттың «Қоғамдық қабылдау бөлмесі барша жұрт үшін ашық екендігін айтты. Одан әркім өзін толғандырған мәселелерге, ұсыныстарға, талап-тілектерін айтып, толымды жауап алуға мүмкіндіктері бар екендігін жеткізді.

Жалпы, Қазақстан Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қызылорда облысы бойынша 10 қоғамдық штабы және оларда арнайы қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс істейді.