Аймақтар • 15 Мамыр, 2019

Қызылорда облысында ауылшаруашылық техникалары жаңарып жатыр

893 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында мемлекеттік қолдаудың арқасында ауылшаруашылық техникалары біршама жаңарып қалды.

Қызылорда облысында ауылшаруашылық техникалары жаңарып жатыр

Атап айтқанда, соңғы бес жылда шаруашылық құрылымдары барлығы 20 788 млн теңгеге 1012 дана ауылшаруашылығы техникаларын алды. Оның ішінде, 18 026 млн теңгенің 582 дана техникасы «КазАгроҚаржы» арқылы лизингке берілсе, 2761 млн теңгенің 430 дана техника шаруашылық құрылымдарының өз қаржысы есебінен алынып отыр.

Биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолындағы 1721 трактор, 449 соқа, 219 тұқым сепкіш, 342 автомашина және 830 трактор тіркеме толығымен жөндеуден өткізіліп, көктемгі дала жұмыстарына қатысып жатыр.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы ауылшаруашылық құрылымдарымен «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы 3 млрд теңгеге 70 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алу жоспарланып, бүгінгі күнге барлығы 28,3 млн теңгеге 5 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.