Президент • 15 Мамыр, 2019

Арал қаласында бүгінге дейін төрт мың кәсіпкерлік субъектісі тіркелген

942 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік жеңілдіктер шағын және орта кәсіппен айналысқысы келетін іскер азаматтардың қолын ұзартып отыр.

Арал қаласында бүгінге дейін төрт мың кәсіпкерлік субъектісі тіркелген

Орталықтан алыс жатқан Арал қаласында бүгінге дейін төрт мың кәсіпкерлік субъектісі тіркеліпті.

Бүгінде ең өтімді тауар азық-түлік болып отырғандығы белгілі. Кәсіпкерлер Әліби Тілеубергенов мемлекеттік қолдау арқылы мың тауық өсіріп, тәулігіне орташа есеппен 600-700-ге дейін жұмыртқа алып отыр. Ауылдағы тауықтардай аулаға жем шашатындай емес, жұмыртқалағыш тауықтарға дәрумені мол құрама жем керек. Алғашқыда тамақтану рационын жасай алмай қиналған кәсіпкер істің көзін білетін арнаулы білімі бар маман алған.

- Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындары түрлі қаржы институттары арқылы көлемі 1,6 млрд теңге несие алды. Жыл басынан «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жалпы құны 161 млн теңгені құрайтын 10 жоба мақұлданды. Өңірлік инвестиция орталығы арқылы 61,5 млн теңгені құрайтын 5 жоба келісілді. Бұдан бөлек, қазіргі кезде аудан бойынша 312 млн теңгені құрайтын 88 жоба дайындалып, түрлі қаржы институттарына тапсыру дайындық үстінде,- дейді аудандық өнеркәсіп, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Рахметжан Бисембаев.

Мемлекеттік қолдау бизнеспен шұғылданғысы келетін азаматтарға осылайша оңтайлы жағдай жасап отыр.


 Қызылорда облысы