«Самұрық–Қазына» АҚ мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық кәсіпкерлікті бірлесіп дамыту туралы келісімге қол қойды. Қол қою рәсіміне Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев қатысты.

Келісім-шарт өндірістік кәсіпорындарға Қор компанияларымен ұзақ-мерзімді келісім-шарт жасауға, бизнестің дамуын қамтамасыз етіп, отандық өндірушілерді қолдау мақсатымен тиімді шешімдерді қабылдауға бағытталған.
«Отандық тауар өндірушілерді қолдау – «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу жүйесін дамытудағы негізгі мақсаттардың бірі. Қазақстандық тауар өндірушілердің дамуының арқасында Қордың компаниялары сапалы тауарды тиімді бағамен сатып алуда, соның арқасында сатып алуға бөлінген қаражат айтарлықтай үнемделуде»,- деді Ахметжан Есімов.
Келісім-шарт шеңберінде жаңа өндірістерді қолдауға бағытталған кем дегенде 10 оффтейк-келісім жасау жоспарланған. Екі тарап та өндірісті жаңғыртуға бағытталған ұзақмерзімді келісімдер жасау механизмінің тиімділігіне сенімді. Жаңа құралдардың бірі – «Атамекен» палатасы құратын «Сатып алудың бірыңғай терезесі». Аталған құрал бизнеске нарықтың ауқымын шамалауға мүмкіндік береді, сатып алу үрдісінің жариялығын арттырып, тәуекелдерді кемітеді. А. Есімов биылғы жылы холдингаралық сатып алуларды тағы 30%-ға кеміту жоспарланғанын атап өтті.
«Кәсіпкерлерге айтарым: қазіргі және ұсынылып отырған қолдау шаралары адал бизнеске арналған. Кәсіпкерлер өз кезегінде жергілікті өндірісті модернизациялау және цифрландыру бойынша ұсыныстарын енгізуі керек. Келісімде қарастарылған бастамалардың іске асуы отандық өнеркәсіптердің жаңа технологияларды игеріп, қосымша құны жоғары тауарларды өндіріп, көрші нарықтарға шығуына жағдай тудыратынына сенімдімін»,- деп атап өтті Тимур Құлыбаев.
Келісім шеңберінде отандық бизнесті қолдауға бағытталған бірқатар шара жоспарланған. Биылғы жылы Қор, «Атамекен» және салалық қауымдастықтардың қатысуымен импорттың орнын алмастыру мақсатымен «қарапайым заттар экономикасының» (жеңіл өнеркәсіп, жиһаз құрастыру, азық-түлік өнеркәсібі, құрылыс материалдарын шығару, машина құрастыру) өнімдерін арттыруға бағытталған Жоба кеңсесі ашылады. Кеңсе сараптамасына сүйене отырып, «Атамекен» палатасы импорттың орнын алмастыру потенциалын анықтап, қазақстандық өндірушілерді қолдау және дамытудың нақты стратегиясын құрастырады. «Атамекен» палатасы индустриалды сертификат енгізу шеңберінде отандық өндірушілер шығаратын тауарлардың түгел қамтылуын қамтамасыз етеді. Аталған сертификаттары бар өндірушілер алдын-ала квалификациялық іріктеуден өткенде қосымша 20% балл алады.
Биылғы жылдың басында Қор мен «Атамекен» ҰКП «Кабельдік-өткізгіш өнім» және «Арнайы аяқ киім» категориялары бойынша сатып алу стратегияларын бекітті. Бұл стратегиялар бойынша Қордың сатып алуларындағы үнемдеу 439 млн теңге болады деп күтілуде. Сонымен қатар, екіжақты ынтымақтастықтың арқасында жоғарғы вольтты трансформаторлар өндіретін «Азия-Траффо» зауыты бұрын Қытай, Ресей мен Украинадан сатып алынған құрылғыларды өндіре бастады. Бұл жобалар ішкі инвестицияларды артырып, 200-ден астам жұмыс орнын құруға жағдай туғызды.
Еске сала кетсек, бұған дейін «Қордың тауар, еңбек және қызмет сатып алу ережелеріне» Қор ішіндегі сатып алу үлесін азайтуға бағытталған өзгерістер енгізілген. Осылайша, ашық тендер арқылы сатып алынатын өнім көлемі 387 млрд теңгеден шамамен 1 трлн теңгеге дейін жетті. 2018 жылы Қор ішіндегі сатып алулар барлық сатып алулардың 90%, немесе 3 трлн теңгені құраған болатын.
2018 жылдың қорытындысы бойынша, сатып алудағы үнемдеу 121 млрд теңгені құрады. Холдингаралық сатып алулардың көлемі 4500 тауар позициясынан 409 позицияға дейін қысқарды, яғни құны 309 млрд теңге болатын сатып алулар бәсекелі ортаға берілді. Жаңа тәсіл 22 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, 8000 кәсіпкерлік субъект қосымша тапсырыс алды. Биыл жаңа тәсілдердің арқасында үнемдеу көлемін 146 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Ақтөбеде оқушы қызды қаңғыбас иттер талап тастады
Оқиға • Бүгін, 13:44
Елден заңсыз ақша шығаруға бақылау күшейген
Қоғам • Бүгін, 13:36
Елімізде 18 мың адам мүгедектікті үйінен шықпай рәсімдеді
Қоғам • Бүгін, 13:25
Ішкі нарықта газ тұтыну көлемі 35 пайызға артқан
Үкімет • Бүгін, 13:18
Түркістан облысында екі бала шұңқыр суына батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:13
Теннисші Алан Құрманғалиев алдына жан салмады
Спорт • Бүгін, 13:02
Президент жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:55
Еліміздегі алғашқы АЭС Балқаш маңына салынуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:50
Биыл 170 мыңнан астам түлек үшін соңғы қоңырау соғылады
Білім • Бүгін, 12:40
Егістік суының 40 пайызы далаға кетіп жатыр – Әлихан Смайылов
Үкімет • Бүгін, 12:31
Аймақтар • Бүгін, 12:23
Соңғы қоңырауда ұстаздарға гүл сыйлауға бола ма?
Білім • Бүгін, 12:16
Елордада Сирия жөніндегі кезекті келіссөз өтеді
Елорда • Бүгін, 12:07
Германия маймылшешек ауруына байланысты карантин жариялайды
Әлем • Бүгін, 11:57
Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы ақтөбелік тұрғындармен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 11:44
Кувейтте құмды дауылға байланысты әуе рейстері тоқтатылды
Әлем • Бүгін, 11:39
Елордада 11 автобус бағытын уақытша өзгертті
Елорда • Бүгін, 11:29
Қызылорда облысында күріш алқабы қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 11:17
«Достық» каналы арқылы 330 млн текше метр су алынады
Қазақстан • Бүгін, 11:08
Шардара су қоймасына келетін су көлемі ұлғайды
Қазақстан • Бүгін, 10:59
Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адам 7 жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:50
Елімізде тағы 4 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:41
Білім • Бүгін, 10:30
Спорт • Бүгін, 10:29
Спорт • Бүгін, 10:27
Медициналық пойыздар жолға шықты
Медицина • Бүгін, 10:17
ҰБТ-ның алғашқы аптасында 21 түлектің нәтижесі жойылды
Ғылым • Бүгін, 09:38
Қазақстан елшісі француз ғалымын марапаттады
Әлем • Бүгін, 09:15
Спорт • Бүгін, 08:59
Аймақтар • Бүгін, 08:58
«Шіркін, Зидан қазақ болғанда ғой!»
Спорт • Бүгін, 08:57
Хоккей • Бүгін, 08:55
«Жасыл» өсім орнықты дамуға жетелейді
Экология • Бүгін, 08:52
Жарқын бейнесі жадымыздан өшпейді
Қазақстан • Бүгін, 08:50
Адалдық пен шындықты шырақ етті
Қазақстан • Бүгін, 08:48
Бекхожин еңбектері ғылыми айналымға енгізіледі
Қоғам • Бүгін, 08:45
Көшелерде су көлкімеуі үшін...
Ғылым • Бүгін, 08:44
Бес кішкентай пациентке бірлескен операция жасады
Медицина • Бүгін, 08:40
Bolashaq сарайы – тәлім мен тәрбие бесігі
Аймақтар • Бүгін, 08:38
Ақша-несие саясаты қатаңдауы керек пе?
Қаржы • Бүгін, 08:37
Ұқсас жаңалықтар