Нұр-Сұлтандағы халық санының 1 миллионды еркін еңсергеніне де бірнеше жыл болып қалды. Статистикалық деректерге сенсек, қаладағы тіркелген көліктердің саны 300 мыңға жуықтапты. Бас қаланың көбейген халқы, кеңейген аумағы, қаптаған көлігі, ашылған өндіріс орындарымен бірге экологиялық ахуалы да күрделене түсетіні түсінікті. Сонымен, қаладағы экологиялық ахуал қалай? Оған мониторинг жасала ма? Қыс мезгілінде ауаны торлап, адамдардың өкпесін қапқан көмір түтінінен қалай құтыламыз? Осы және басқа да сауалдарға жауап іздеген едік.

– Қазір қаланың ауа бассейні ахуалының көрсеткіші тұрғындардың тіршілік әрекеті үшін экологиялық тұрғыдан қолайлы саналады. Республикалық бекітілген нормативтік құжаттар бойынша АЛИ мәні 5 бірліктен аз. Бұл атмосфера ауасының ластануының төменгі деңгейіне, яғни І топқа жатады, – дейді табиғат пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Әбдіманап Жұмаділдаев.
Сонымен қатар «Қазгидромет» РМК қаладағы атмосфералық ауа мен жерүсті суларының сапасына мониторинг жүргізеді екен. Нұр-Сұлтан ауасының ластануына негізінен стационарлық және жылжымалы ластаушылар әсер етеді. Ауаның ластануының 95 пайызы осы екеуінің «үлесінде». Стационарлық деп отырғанымыз үйлер мен өндірістердің мұржалары.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі тарапынан қоршаған ортаны қорғау бойынша қандай шаралар атқарылуда? Алда қандай шаралар жоспарланған? Бұл туралы Ә.Жұмаділдаев:
– Жылжымалы және стационарлық ластаушылардың әсерін төмендету үшін тиісті жұмыстар атқарылды және алдағы уақытта да атқарыла береді. Мәселен, әкімдік қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған 8 блоктан және 132 іс-шарадан тұратын «2018-2020 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортасын сауықтыру кешенді іс-шаралар жоспары» бекітілген. Осы кешенді жоспардың аясында коммуналдық ұйымдардың автокөліктері газ моторлы отынға ауыстырылады. Қазір қала көшелерінде жүрген 1500 автобустың 738-і «евро-5» стандартына жатады. Қалған 762 автобусты газға ауыстыру қолға алынып жатыр. 560 таксиді газ-моторлы отынға ауыстыру туралы меморандум бар. Қазір қалада 158 экотакси газ-моторлы отынмен жүреді, – деді.
Жолдар жүйесін дамытудың да экологияға әсері бар екен. Автокөлік қозғалысының қарқынын азайту арқылы атмосфераға таралатын улы газды азайтуға болады. Қалада 34 шақырымдық велосипедшілер жолы салынып жатқанын да айта кетейік. Жобаның екінші кезеңінде 127 шақырым веложол салынбақ. Өткен қыста Yutong фирмасының электравтобустары қанатқақты режімде елордалық жолаушыларды таси бастады. Қазіргі таңда климаттық жағдайды және техникалық параметрлерді ескере отырып, электравтобустарды қолдану тиімділігі зерттелуде.
– «ӨКМ Операторы» ЖШС электромобильдер үшін елордада 50 электр зарядтау стансасын орнатты. Алдағы уақытта сұранысқа орай тағы да салынуы мүмкін. Жолдардың бойына жасыл желектер отырғызу экологиялық және архитектуралық тұрғыда міндетті болып саналады. 2015 жылы қала бойынша 19 202 ағаш, 2016 жылы – 29 838 ағаш, 2017 жылы – 30 737, былтыр 37 176 ағаш отырғызылды. Атмосферадағы улы газдың үлесін азайту үшін осы тектес жұмыстар атқарылып жатыр, – дейді Ә.Жұмаділдаев.
Қалалық экология басқармасының хабарлауынша, елордада қалдықтарды бөлек жинау, органикалық түрлерін қайта өңдеу және жоюды ұйымдастыру бойынша қанатқақты жобаны жүзеге асыру жөніндегі жол картасы бар екен.
– «Құрғақ» фракцияны бөлек жинау үшін 6 276 сары еуроконтейнер мен қалдық шығаратын 25 Ивеко көлігі сатып алынды. Халықаралық сарапшылармен кеңесе отырып, «Компост Системс» аустриялық технологиясы бойынша техникалық топырақ алатын жабық компостау әдісін қолға алдық. Шамамен 30 күн ішінде органикалық қалдықтарды жедел компостау, яғни тыңайтқыш ретінде топыраққа сіңіру қарастырылған. Бұл қалдықтарды 40 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді, – деп хабарлады тиісті басқарма өкілі.
Оның айтуынша, Назарбаев Университеті мамандарымен бірге қала аумағындағы қалдықтардың құрамы зерттеліп, 25-30 пайызын өңдеуге болатыны, 46 пайызы органикалық фракцияға жататыны анықталыпты.
Кейінгі жылдары қыс мезгілінде ауаны торлап, қолқаны қапқан көмірдің түтінінен құтылудың жолдары қарастырылуда. Мәселен, қаладағы жеке меншік тұрғын үй алаптарын табиғи газға көшірудің және газ тарату бекеттерін салудың жоспары жасалған. Былтыр қаланы газдандыру жұмысына 24 миллион теңгеден астам қаражат қарастырылыпты. Сөйтіп Тұран даңғылының бойында газдандыру бекеті салынып, оған Назарбаев Университеті мен Ғарыш орталығы, Қорғаныс министрлігінің академиясы қосылған.
«Сарыарқа» магистральды газ құбыры келгеннен кейін көмірді көгілдір отынмен алмастыру қарқынды түрде жүретіні, көгілдір отын бас қаланың экологиялық ахуалын айтарлықтай жақсартатыны сөзсіз. Айталық, ауаға таралатын улы заттардың көлемі 70-80 пайызға дейін төмендеуге тиіс.
Жалпы, қаланың қоршаған ортасының жақсаруы бірінші кезекте халқының экологиялық мәдениетімен байланысты екені анық. Бұл үшін адамдар өз төңірегін таза ұстап, Экологиялық кодекс талаптарын бұлжытпай орындап, экологиялық таза көлік түрлерін таңдап, велосипедпен немесе жаяу көбірек жүруі керек.
Қазақстанда 2020 жылы ұрлық саны 2 есе азайды
Қоғам • Кеше
Қазақстанның әлемдік экономикалық рейтингтегі орны қандай?
Экономика • Кеше
Танымал шаңғышы жол апатынан қайтыс болды
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Атырау облысында жол апатынан екі адам мерт болды
Аймақтар • Кеше
Құнсыздық құлдың түбіне жетеді
Аймақтар • Кеше
Шетелден ұшып келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Кеше
Карантин кезінде ойын ұйымдастырған казино анықталды
Аймақтар • Кеше
Дарынды 100 оқушының бірі Талдықорғанда тұрады
Білім • Кеше
Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, 3 адам ауруханаға түсті
Аймақтар • Кеше
Жуырда Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарыққа шығады
Руханият • Кеше
Пневмониядан 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Коронавирус жұқтырған 300-ге жуық науқастың жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Нұр-Сұлтанда газдандыру жұмысы жалғасып жатыр
Елорда • Кеше
Өткен тәулікте 1 584 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Елімізде тағы 839 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Кеше
Алтай Көлгінов елорда тұрғындарын онлайн-форматта қабылдады
Елорда • 23 Қаңтар, 2021
Елордада мониторингтік топ карантин режимін бұзудың жаңа фактілерін анықтады
Елорда • 23 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін жастарға пәтер кілттері берілді
Елорда • 23 Қаңтар, 2021
Бақытжан Сағынтаев депутаттармен бірге мегаполистің инфрақұрылымдық даму жоспарын талқылады
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2021
Қазақстан күнбағыс тұқымына экспорттық баж салығын енгізуі мүмкін
Экономика • 23 Қаңтар, 2021
Қорғаныс министрі Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2021
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • 23 Қаңтар, 2021
AКРA: Қазақстанның ұлттық қарызы ІЖӨ-нің 26,6% -на жетуі мүмкін
Экономика • 23 Қаңтар, 2021
Биыл елордада 400-ден астам отбасы апатты үйлерден жаңа пәтерге көшті
Қоғам • 23 Қаңтар, 2021
Зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтініштер қабылдау үшін онлайн-платформа іске қосылды
Қоғам • 23 Қаңтар, 2021
Асхат Аймағамбетов білім саласының өкілдерімен кездесті
Білім • 23 Қаңтар, 2021
Шымкентте жан басына қаржыландырудың көлемі артты
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2021
Мақтааралда құрылыс жұмыстарының көлемі 255,4%-ға артты
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2021
«Shymkent Chemical Company» кәсіпорнының құрылысы аяқталуға таяды
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2021
Өңірлердегі мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізіледі
Қоғам • 23 Қаңтар, 2021
Экология министрлігі экологиялық құқықбұзушылықпен күреседі
Экология • 23 Қаңтар, 2021
«KazALPack» Орталық Азия аумағында бірегей жобаны жүзеге асырмақ
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2021
Пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Коронавирус • 23 Қаңтар, 2021
Коронавирус жұқтырған 302 адамның жағдайы нашар
Коронавирус • 23 Қаңтар, 2021
Отбасы банкінде тұрғын үйді сатуға бес жылға шектеу қойылғандығы түсіндірілді
Қоғам • 23 Қаңтар, 2021
Өткен тәулікте 1 548 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • 23 Қаңтар, 2021
Елімізде тағы 1050 адам індеттен айықты
Коронавирус • 23 Қаңтар, 2021
Кардиология институтында бауырды тексеретін бірегей УДЗ аппараты іске қосылды
Қоғам • 23 Қаңтар, 2021
Қазақстанның ватерполшылары Нидерландпен күш сынасады
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне орай СІМ мәлімдеме жасады
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • 22 Қаңтар, 2021
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • 22 Қаңтар, 2021
Канадада Қазақстандағы парламенттік сайлау қорытындылары талқыланды
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 22 Қаңтар, 2021
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері түсіндірілді
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
«Ер Едіге-Ноғайлы дәуірінің жыры» атты музыкалық альбом жарық көрді
Руханият • 22 Қаңтар, 2021
Карантин шараларын бұзғаны үшін жабылған мекемелердің тізімі жарияланды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ержан Бабақұмаров COVID-19-дан сақтану шараларын күшейтуді тапсырды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ақтөбе облысы әкімінің экс-орынбасары 12 жылға сотталды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • 22 Қаңтар, 2021
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда кәсіпкерлерді қызметкерлерін МӘМС жүйесінде 25 қаңтарға дейін сақтандыруға шақырды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар