Аймақтар • 16 Мамыр, 2019

Петропавлда автобус өртеніп, балалар құтқарылды

929 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласынан Тайынша ауданына бет алған «Газель» шағын автобусы отқа оранып, балалар ажал аузынан аман қалды.

Петропавлда автобус өртеніп, балалар құтқарылды

Оқыс оқиға  Рощинское ауылының маңында болған. Жүргізуші мотордан шыққан түтінді көріп, көлікті тоқтатқан. Осы кезде салон іші көк түтінге толып, өрт тұтанған. «Газельді бастап келе жатқан автопатрульдің экипаж құрамы– полиция лейтенанты Жігер Балтабай мен полицияның аға сержанты Батырхан Молдажанов  жіті қимылдап, құтқару  шараларына жедел кірісіп кеткен.  Өртенген көліктен 11 баланы алып шыққаннан  кейін қосымша күш пен «Жедел жәрдемді» шақыртқан.

«Қатты соққан желдің салдарынан өрт үдеп, жол үстінде ешкімге қауіп төнбес үшін көлікті жолдың шетіне итеріп апарған. Ешқандай қайғылы жағдай орын алған жоқ. 11 бала  мен бір тәрбиеші дін аман», делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.

Балалар үйлеріне  басқа көлікпен жеткізілді.

Солтүстік Қазақстан облысы