Президент • 16 Мамыр, 2019

Елбасы: АЭФ ұсыныстары жаһандық сын-тегеуріндерге дер кезінде үн қатуға мүмкіндік берді

920 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана экономикалық форумында айтылған ұсыныстар мен қорытындылар Қазақстанға жаһандық сын-тегеуріндерге дер кезінде үн қатуға мүмкіндік берді. Бұл туралы бүгін XII Астана экономикалық форумында Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Елбасы: АЭФ ұсыныстары жаһандық сын-тегеуріндерге дер кезінде үн қатуға мүмкіндік берді

Жиынды ашқан Тұңғыш Президент - Елбасы форум барысында жаһандық және өңірлік сипаттағы ең өзекті мәселелер талқыланатындығын айтты. 

«Бұл таяу жылдардағы дамуға ықпалын тигізетін стратегиялық мәселелер. Осы жылдардың ішінде G-Global жобалары, экология мәселелерін, кедейшілікпен күрес, адами капиталды дамыту, жаңа энергияны қоса алғандағы мәселелердің кең ауқымын талқыға салдық. Өткен жылы жаһандық сын-тегеуіріндер саммитін өткіздік. Форум алаңында БҰҰ Бас ассамблеясының қолдауымен дағдарысқа қарсы екі конференция ұйымдастырдық», деді Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы осы уақытқа дейін өткен форумдар барысында айтылған ұсыныстар мен  қорытындылар Қазақстанның дамуына оң ықпалын тигізгендігін жеткізді. 

«Осы жерде талқыланған ұсыныстар мен қорытындылар көп жағдайда Қазақстанға жаһандық сын-тегеуріндерге дер уақытында үн қатысуға, қиындықтарды жеңісті еңсеруге көмектесті. Біз ой-пікірлеріміз бен айтқан ұсыныстарымыз өзге де өңірлерде пайдаланылды деп ойлаймын», деді Н.Назарбаев.