Спорт • 16 Мамыр, 2019

Әлішер Жұмақан велотректен халықаралық турнирде жеңіске жетті

1006 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда велотректен өтіп жатқан Silk Way Series Astana рейтингілік турнирінде қазақстандық Әлішер Жұмақан жеңімпаз атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Әлішер Жұмақан велотректен халықаралық турнирде жеңіске жетті

Ол «скретч» бағдарламасы бойынша топ жарды. Екінші орынды тағы бір қазақстандық спортшы Сұлтанмұрат Мірәлиев иеленді.

Үздік үштікті қытайлық Ли Джинсонг тұйықтап тұр. 

Еске сала кетейік, кеше «омниум» бойынша команда үздігі Артем Захаров алтын жүлде жеңіп алған болатын.