Аймақтар • 16 Мамыр, 2019

Панфилов ауданында мал басы көбейіп келеді

1036 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Панфилов ауданында мал басы көбейіп келеді. Бүгінде өңір тұрғындарының қорасынан 75 015 бас ірі қара, 279 608 бас ұсақ мал өріп шығады дейді деректер.

Панфилов ауданында мал басы көбейіп келеді

Қазір өңірде мал төлдету науқаны аяқталып, шопандар отарды жайлауға шығарып. Қыр асқан отардағы жас төлдің саны 127 000 бастан асқан екен.

Жалпы, Панфилов ауданында биыл сүтті бағыттағы сиыр өсіру күн тәртібінде тұр. Өңірде 2000 бас сауын сиырға арналған тауарлы сүт фермасының құрылыс қызу жүріп жатыр. 2019-2021 жыл аралығында толық ашылып, қолданысқа берілетін ферманың құны 2 млрд 600 млн тенгені құрайды. Осы ферманың мал қорасына 1 млрд тенгеге Зеңгі баба тұқымы сатып алынбақшы.  Биыл жыл соңына дейін асыл тұқымды малдың 1000 бас сиыр әкелінеді.