Облыс бойынша 1 облыстық, 8 аумақтық сайлау комиссиялары және 366 учаскелік сайлау комисиялары жұмыс атқарады. Қазіргі таңда барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары электораттық оқытудан өткізілуде. Барлығы 29 топтан құралған 793 сайлау комиссияларының мүшелері оқытылып жатыр.
«Облыс бойынша бүгінгі күні билбордтар мен плакаттар үшін 238 орын және сайлаушылармен кездесулер ұйымдастыру үшін 170 үй жай белгіленген, кандидаттарға үгіт жүргізу үшін толық жағдай жасалған», деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Абайбек Жүнісов.
Қазақстан Президенттігіне кандидаттардың облыс бойынша 1597 сенімді өкілдері тіркеліп, куәліктері табысталды. Кандидаттарды қолдауға байланысты облыс аумағында 7 қоғамдық штаб құрылған. Штаб өкілдері сайлау комиссияларымен өзара кедергісіз байланысады және кеңес алады.
Кездесуде облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Аягөз Сырлыбаева үгіт жұмыстарының тәртібі және жалпы шарттары туралы жан-жақты айтып берді.