Президент • 16 Мамыр, 2019

Президент Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагардпен кездесті

838 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Кристин Лагардқа Астана экономикалық форумына келгені үшін ризашылық білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагардпен кездесті

– Нұр-Сұлтан қаласына қош келдіңіз! Сіздің Астана экономикалық форумына арнайы келіп қатысуыңыз форум жұмысына да, Қазақстанға да тиімді боларына сенім білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Халықаралық қор ынтымақтастығының негізгі бағыттары, сондай-ақ әлемдік қаржы-экономика жүйесінің дамуындағы маңызды үдерістер туралы пікір алмасты.