Саясат • 16 Мамыр, 2019

Жетісуда жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтті

1090 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласында тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтуға бағытталған «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасын түсіндіруге арналған жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтті.

Жетісуда жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтті

Жәрмеңкеде бағдарламаны несиелеу бойынша көшбасшы болып отырған «Центр кредит банкі» акционерлік қоғамының Талдықорған қаласындағы филиалының директоры Манат Байғонысова қаржыландыру тетіктерін түсіндірді.

– Біздің банк мемлекеттік бағдарлама бойынша несие беруде үздік болып отыр. Еліміз бойынша рәсімделген несиенің 91 проценті «Центр кредит банкі» үлесінде. Ал облыс бойынша біз есепті кезеңде жалпы құны 300 млн теңге болатын 18 ипотекалық несие рәсімдедік. Бұл өте жоағры көрсеткіш, – деді Манат Байғонысова.

Ал «Баспана» ипотекалық ұйымының серіктес банктермен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Қанат Әбдіраймовтың айтуынша «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ипотекалық несие алуға 13 мың өтінім қабылданып, оның арасынан 7633 өтінім мақұлыпты. Мұның ішінде нақты Алматы облысы бойынша 191 адамға несие өткен жылы берілген..

Қазір «7-20-25» бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін 2 мыңға жуық пәтер сатылымға шығарылыпты. Облыс бойынша Талғар, Қарасай, Іле аудандары мен Талдықорған, Қапшағай қалаларында салынып жатқан 16 тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерге сұраныс бар екен.



Алматы облысы