Еуропалық одақ Орталық Азия елдерімен әріптестікке қатысты өзінің жаңа көзқарасын айқындап, 2007 жылы алғаш рет қабылданған аймақтық стратегиясын жаңартпақ.

Тарата айтар болсақ, Еуропалық комиссия мен ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі жаңартылған Бірлескен мәлімдеме қабылдап, Орталық Азияның бес елімен тығыз әріптестікті күшейтуге бағытталған жаңа көзқарасын ұсынды. Бұл – Еуропа мен Азияның өзара сабақтастығының маңызды кезеңіне және аймақтық әріптестіктің жаңа қарқынына тұспа-тұс келеді.
«Орталық Азия әрдайым маңызды аймақ болды: бұл оның тарихы, мәдениеті және Шығыс пен Батысты байланыстырушы рөлімен айқындалады. Бүгін аймақтың стратегиялық маңызы ішкі және аймақтағы оң үрдістер мен тығыз ынтымақтастықты талап ететін жаһандық қауіп-қатерлердің жағдайларында күннен-күнге артып келеді. Тұрақтылық пен өркендеу біздің Орталық Азиямен ынтымақтастығымыздың тірегіне, біздің елдеріміздің мүддесін көздейтін тұрақты даму мен реформа үдерістеріне қосқан үлесіне айналады», деп атап өтті Жоғарғы өкіл/ вице-президент Федерика Могерини.
Осы орайда ЕО-ның Халықаралық ынтымақтастық пен даму жөніндегі комиссары Невен Мимица: «Еуропалық одақ – Орталық Азияның жетекші серіктесі. Жаңартылған әріптестік арқылы біз Орталық Азиядағы серіктестермен ынтымақтастығымызды аймақты өркендету, тұрақтылығын арттыру мен өзара байланыстарын орнатуға қосқан үлесіміз арқылы нығайтқымыз келеді», деп мәлімдеді.
Бірлескен мәлімдеме ЕО-ның болашақ іс-қимылдарының екі аспектісіне бағытталған: Тұрақтылықты көздейтін әріптестік: Орталық Азия елдерінің ішкі және сыртқы күйзелістерге төтеп беру мен реформаларды тиімді іске асыру қабілетін арттыру; Өркендеуді көздейтін әріптестік: Экономикалық жаңғыртуды қолдау, тұрақты өзара байланысты ілгерілету және жастарға инвестиция салу.
Сонымен қатар ЕО Орталық Азиядағы өзара аймақтық ынтымақтастықты дамыту мақсатында инвестиция салуға, аймақтағы елдердің арасындағы диалог пен ынтымақтастықты арттыруға үлес қосуға ниетті.
Қазақстанмен қол қойылған Кеңейтілген ынтымақтастық пен әріптестік туралы келісімге қоса, ЕО Өзбекстан және Қырғыз Республикасымен ұқсас келісімшарттар бойынша келіссөздер жүргізуді және аймаққа көрсетілген даму көмек құралдарын барынша тиімді қолдануды көздейді.
Еуропа мен Азияны өзара байланыс стратегиясы мен қолданыстағы келісімдер шеңберіне сүйене отырып, Еуропалық одақ Орталық Азия елдерімен тұрақты байланыс орнату, нарық қағидаттарын сақтау, ашықтық қағидатына кепілдік беру және халықаралық стандарттарға негізделген серіктестік орнатуға ниетті. Ынтымақтастық бағыттары көлік, энергетика және цифрлы байланыстарды, сондай-ақ адамдар арасындағы қатынастарды қамтиды.
Айта кетейік, 7 шілдеде Бішкек қаласында өтетін ЕО-Орталық Азия министрлерінің 15-інші басқосуында Еуропалық одақтың Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясы ресми түрде жарияланады деп күтілуде.
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар