Қоғам • 17 Мамыр, 2019

БҰҰ-ның адам құқықтары мен лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі сарапшысы Қазақстанға келді

1137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанға тұңғыш рет іссапарымен келген Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары және лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі арнайы баяндамашысы Фионнуала Ни Аолэйн (Fionnuala Ní Aoláin), лаңкестікпен күресу аясындағы заңнамалар мен олардың орындалу тәжірибесін сараптау үшін Қазақстанда мамырдың 10-17 аралығында болды.

БҰҰ-ның адам құқықтары мен лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі сарапшысы Қазақстанға келді

«Үкіметтің  орындайтын шаралары халықаралық адам құқықтары аясындағы заңдарға қаншалықты сәйкес келетінін анықтау үшін мен елдің лаңкестікке қарсы саясаты мен нормативтік актілері мен заңдарды және тақырыпқа қарасты заңнамаларды  кездесу үстінде талқылайтын боламын», - дейді Ни Аолэйн айтты. 

Оның сегіз күндік сапарында, бұл тәуелсіз сарапшы Үкіметтің  әр түрлі министрліктерінің өкілдерімен және  заң қорғау органдарының қызметкерлерімен, Парламент мүшелері, полиция мамандары және Омбудсман кеңсесінің өкілдерімен кездеседі деп жоспарланып отыр. Ол лаңкестік қылмыс немесе экстремизм қылмыс жасағаны үшін күдіктілермен және сотталғандармен сұхбат өткізу үшін қамау орталықтарын аралады.  

Сонымен қатар Қазақстан үкіметінің шақыруымен келген Ни Аолэйн халықаралық қоғаммен, заңгерлермен, ғалымдармен және ҮЕҰ-мен кездеседі.  Осы сапарында сарапшы Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше күн өткізіп, еліміздің Алматы қаласында бірнеше күн болды.

Ни Аолэйн ханым өзінің алдын ала тұжырымдарын БАҚ-на 17 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында, БҰҰ Үйінде өтетін баспасөз мәслихаты кезінде жариялады.  Оның сапарының соңында дайындалатын мәлімдемесі және баспасөз хабарламасы орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді болды. 

Арнайы Баяндамашы өзінің тұжырымдары мен ұсыныстары бар толық мәлімдемесін БҰҰ-ның Адам Құқықтары жөніндегі Кеңесіне 2020 жылдың наурыз айында ұсынатын болады.





АЛМАТЫ