Спорт • 17 Мамыр, 2019

Таэквондо: Екінші күні де жүлде бұйырмады

1051 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Англияның Манчестер қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күні де Қазақстанның таэквондошылары жеңіс тұғырына көтеріле алған жоқ.

Таэквондо: Екінші күні де жүлде бұйырмады

68 кило салмақта Нұрсұлтан Мамаев өнер көрсетті. Бастапқы қос бәсекеде Чернгория мен Канаданың спортшыларын ұтқан қандасымыз үшінші айналымда бельгиялық қарсыласына есе жіберді. 54 кило салмақ дәрежесінде бақ сынған Самат Темірхан екінші кезеңде сүрінді. Ол жапониялық даян шеберіне есе жіберді. +73 кило салмақтағы Мереке Жүнісованың да жолы болмады. Қазақ таэквондошысының тұсаукесер кездесуінде Бразилияның өкіліне әлі жетпеді.

Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионатының алғашқы күні де Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз аяқталған еді.  Атап айтсақ, 46 кило салмақтағы Айнұр Уашбай тұсаукесер кездесуінде ирандық спортшыға есе жіберсе, 73 кило салмақтағы Жансел Дениз екінші кезеңде испандық даян шеберіне жол берді. Ал 58 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Елдос Ысқақ үшінші айналымға дейін жетті. Ол Мексиканың өкілінен ұтылды.

Бүгін тағы қос жерлесіміз жарыс жолына шықты. Олар – Қайрат Сарымсақов (74 кило) пен Ботагоз Қапанова (57 кило).

Соңғы жаңалықтар