Қазақстан • 17 Мамыр, 2019

XVI Еуразиялық медиа форум хэдлайнері кім: Трампты билікке әкелген адам

959 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Біз бұған дейін де 22-24 мамыр аралығында өтетін XVI Еуразиялық медиа форумының спикерлері құрамында белгілі саяси қайраткер, қазіргі АҚШ президенті әкімшілігінің ең беделді қызметкерлерінің бірі Стивен Бэннон бар екендігін хабарлаған едік.

XVI Еуразиялық медиа форум хэдлайнері кім: Трампты билікке әкелген адам

Стивен Бэннон – АҚШ Президенті Дональд Трамптың аға кеңесшісі және стратегиялық мәселелер бойынша бұрынғы бас маманы.

Бэннон ұлттық қауіпсіздік мәселесін зерттеу бойынша магистр дәрежесін Джорджтаун университетінде және іскер әкімшілік магистр дәрежесін Гарвард университетінің Бизнес мектебінде алған. Ол әскери-теңіз күштерінің офицері, АҚШ-тың «Пол Фостер»әскери кемесінде Тынық мұхиты, Аравия теңізі, Парсы шығанағында әскери міндетін өтеген. Пентагонда әскери-теңіз операциялары бойынша қолбасшының арнайы көмекшісі қызметін атқарған.

2016 жылы Стивен К.Бэннон Дональд Трамптың президенттік кампаниясын басқарған. 2017 жылы Ақ үйде АҚШ Президенті Дональд Трамптың аға кеңесшісі және стратегиялық мәселелер бойынша бас маманы лауазымын атқарған.

Бэннон мырза – бірқатар мадақталған деректі фильмдердің режиссері, ақпараттық Breitbart News веб-сайтының атқарушы төрағасы. Банктік Goldman Sachs конгломератының бірігуі мен сіңіру бойынша маман ретінде қызмет атқарған.

Бэннон – белсенді азаматтық ұстанымы бар жан. «Азаматтар Америка Республикасы үшін!» қоғамдық қозғалысының негізін қалаушы. Бұл ұйым коммерциялық емес болып табылады. Сондай-ақ билікті асыра пайдалану мәселелерін бойынша іс жүргізетін Заң үстемдігі қоғамының төрағасы. Ол бүкіл әлемдегі қоғамдық саяси белсенділік пен танымал ұлттық идеяларды қолдайтын  Еуропа, Оңтүстік Африка мен Азиядағы «The Movement» ұйымының негізін қалаушылардың бірі болған. 

Сондай-ақ ол «Біз қалқан салудамыз» ұйымының консультативтік кеңесінің төрағасы болып табылады. Ұйым мақсаты – АҚШ оңтүстік шекарасындағы қабырға құрылысын қаржыландыру.

Еуразиялық Медиа форум аясында Бэннон 24 мамыр күні «Сенім дағдарысы. Күштердің жаһандық бөлінісі» панельдік сессиясына қатысады.