Саясат • 17 Мамыр, 2019

Сергей Громов Бангладеш Халық Республикасының елшісін қабылдады

948 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасының орынбасары Сергей Громов Бангладеш Халық Республикасының Өзбекстандағы және Қазақстандағы елшісі Мосуд Маннанды оның өтініші бойынша қабылдады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сергей Громов Бангладеш Халық Республикасының елшісін қабылдады

Мейманды қабылдау барысында С.Громов біздің елдерімізді дәстүрлі достық қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті. Төраға орынбасары Бангладештің Қазақстанның халықаралық бастамаларын қолдағаны үшін, оның ішінде Нұр-Сұлтандағы штаб-пәтері бар Ислам ынтымақтастығы ұйымының Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын құрғаны үшін елшіге ризашылығын білдірді.

Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетудің келешегі талқыланды.  С. Громовтың пікірінше, таяу болашақта Бірлескен үкіметаралық комиссия құру экономикалық кооперацияны кеңейтуге, екі елдің іскер топтары арасында байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Елші М.Маннан өз кезегінде Бангладештің екі ел халықтарының игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға дайындығын нақтылап, мемлекетаралық өзара іс-қимылдың зор әлеуеті бар екенін атап өтті.