Аймақтар • 17 Мамыр, 2019

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ көшбасшылар қатарынан көрінді

1086 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Эксперт РА Қазақстан» рейтинг агенттігінің «Курсив» газетімен бірлесе өткізген ашықтық рейтингінде 100 ең ірі қазақстандық компания арасынан екінші орын алды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ көшбасшылар қатарынан көрінді

Рейтингке өңірлер, салалар және ел экономикасына айтарлықтай ықпал ететін, көпшіліктің қызығушылығын тудыратын 100 ірі қазақстандық компания енгізілді. «Эксперт РА Қазақстан» сарапшылары компаниялардың қаржылық және қаржылық емес ақпаратты ашу сапасын зерттеді және халықаралық стандарттармен салыстыра отырып, олардың қызметтерінің түрлі аспектілерін ашу деңгейіне баға берді. Бағалау 59 тармақ бойынша жүргізіліп, 5 блокқа топтастырылды: Компания туралы, Корпоративтік басқару, Тұрақты даму, Медиа коммуникациялар, Есептілік. Бағалау нәтижелері бойынша ҚМГ ықтимал 10 балл ішінен 7,9 балл алды. Бұл ретте Коммуникациялар блогы бойынша ҚМГ барлық компаниялар ішінен ең жоғары – 9,6 балл жинады.

Маңғыстау облысы