Қарағанды қаласының сәулет-эстетикалық келбетін жақсарту және тұрғындар үшін қолайлылық тудыру мақсатын көздеген бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіліп, алдағы уақытта қаланың басқа да көшелерін қамтитын болады.
– Аншлагтар заманауи материал – жарық шағылыстыратын және жарық тойтарғыш қабықшадан жасалған. Мекенжай тақтайшаларын ауыстыру демеушілер есебінен жүргізіледі, бюджеттен қаражат жұмсалмайды, – деп мәлімдеді Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі Татьяна Шатохина.
Жұмыс мынадай ретпен жүргізіледі: әуелі жаңа аншлагтар орнатылады да, кейінірек оған жарық тартылып, QR кодтар таңбаланады.
Қарағанды облысы